Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

Атырау облысы Білім беру басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама

Атырау облысы Білім беру басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу Басқарма басшысының 2017 жылғы 6 қаңтардағы №15 «Ішкі талдау жұмыстарын жүргізетін жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы: әкімшілік бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы; - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегі №319 «Білім туралы» Заңы.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №15 «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығы;

- Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі №85 «Атырау облысы Білім беру басқармасының мәселелері» қаулысы;

2) «Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

Персоналды басқару қызметі

Әкімшілік бөлімінің құрылымы: бөлім басшысы, кадр мәселелері жөніндегі бас маман, кеңсе және арнайы бөлімшенің жетекші маманы. Ағымдағы жылдың 27 маусым қорытындысы бойынша кадрлардың ауысуы: басқарманың қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы – Ш.Махметова Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өз еркімен қызметтен босатылды.

Әкімшілік бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді және рұқсат беру функцияларын іске асырмайды. Бақылау функциясы ұжым қызметкерінің еңбек тәртібін, әдеп нормаларын сақтауын бақылауға қатысты іске асырады, бұл функция өзге жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғамайды.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмады.

Атырау облысы Білім беру басқармасында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит жүргізуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар – жарты жыл сайын жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне басқарма басшысының қалалық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тұрғындарды қабылдау кестесі, сенім телефон нөмірлері жарияланып тұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

Жеке және заңды өтініштері туралы ақпарат

Ағымдағы жылы Атырау облысы Білім беру басқармасына 58 арыз-шағым түсті. Барлығы жеке және заңды тұлғалардан. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өтініштер уақытылы қаралды.

Прокурорлық қадағалау және сот актілері орын алған жоқ.

3. Атырау облысы Білім беру басқармасының 2017 жылдың 6 қаңтарындағы №15 «Ішкі талдау жұмыстарын жүргізетін жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесі құрамда құрылды: Қ.Кенжеғалиев – басқарма басшысының орынбасары, З.Дюсекенова - басқарма басшысының орынбасары, Е.Утемагамбетов - басқарма басшысының орынбасары, М.Утеуова – кадр жұмысы жөніндегі бас маман, А.Каюпова – қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы, Р.Кабдулова – жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің басшысы, А.Кайрлиева – қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы, Б.Шамұрат – өзін-өзі тану бөлімінің басшысы, М.Балатаева – бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің басшысы, М.Аухадиев – экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, А.Уалиев – кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің бөлім басшысы (уақытша).

4. Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2017 жылғы 1 қаңтар және 1маусым аралығы.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы – Кенжеғалиев Қайырғали Рысқалиұлы.

6. Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар:

1) Басқармадағы уақытша бос орын бірлігіне уақытылы орналастыру жөнінде шаралар қабылдау;

2) Басқармаға түскен өтініштерді уақытылы жауап берілуін қамтамасыз ету.


Мақаланың шыққан күні:: 28.06.2017 00:45
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.06.2017 00:45