Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы Индер ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2017 жылдың 3-4 қазан аралығындағы талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер ауданы әкімі аппараты басшысының 2017 жылғы 2 қазандағы №203 «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

1) Сүйеуова Гүлнұр Жалғасқызы - аудан әкімі аппаратының басшысы;

2) Сағынғалиев Нұрасыл Құрақұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маман-заңгері;

3) Жаналисова Айдана Қонысқызы – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы;

4) Аймуратов Асхат Саламатович – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;

5) Сариев Дулатбай Абатұлы – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.

Талдау кезеңі: 2017 жылдың 3-4 қазан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2017 жылдың 9 айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

3. Мемлекеттік қызмет көрсету

4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

5. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

 

Талдамалық обьекті туралы мәлімет

Атырау облысы Индер ауданының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік)- ауданның әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

Аудандық әкімдікті ауданның әкімi басқарады.

Аудандық әкімдік аудан әкімiнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тұрады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2017 жылдың 9 айы.

Талдау кезеңі: 2017 жылдың 3-4 қазан аралығы.

«Индер ауданы әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті. Қонаев көшесі №12 үй

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Индер ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудан әкімі аппаратында штат саны бойынша 16 мемлекеттік қызметкер, 1 бос лауазымдық орын бар (аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы).

2. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету

«Индер ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

«Индер ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.

5. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2017 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Индер ауданы әкімі аппаратына барлығы – 245 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 238, заңды тұлғалардан – 7 арыз.

6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

«Индер ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Аппарат басшысы Г.Сүйеуова

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

1) Сағынғалиев Нұрасыл Құрақұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маман-заңгері;

2) Жаналисова Айдана Қонысқызы – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы;

3) Аймуратов Асхат Саламатович – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;

4) Сариев Дулатбай Абатұлы – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

І.Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Атырау облысы, Индер ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті. Қонаев көшесі №12 үй, электронды пошта: akimat.inder@mail.ru. телефон нөмірі 871(234) 2-12-74.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

басталды: 3 қазан, аяқталды 4 қазан.

4. Бақыланатын кезең: 2017 жылдың 9 айы.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

Индер ауданы әкімінің аппаратында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 


Мақаланың шыққан күні: 09.10.2017 06:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.10.2017 06:34

Қаралым саны: 1390