Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтамасы 27 маусым 2017 жыл

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу туралы» Басқарма басшысының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 29-НҚ бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы талдамалық анықтама нәтижелері келесі жұмыс тобымен жүзеге асырылды:

1. Байдельденова Ақтоты Максотовна бөлім басшысы;

2. Бекова Алтынай Махамбетовна бөлім басшысы;

3. Кызылбаева Арна Амангельдиевна бас маман.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың өткізу кезеңі:

26-27 маусым 2017 жыл.

Талдау кезеңі : 2017 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша.

Тұрғысынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;

  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

  3. Ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және мемлекеттік сатып алуды Атырау облысы аумағы бойынша өткізу;

  4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

  5. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;

  6. Талдау анықтамасынан туындайтын өзге де мәселелер.

 

Мәліметтер туралы талданып отырған объекті:

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма), Қазақстан Республикасының органы болып табылады, Атырау облысы бойынша мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асырады.

Басқарма өз қызметін, заңды тұлғаның Мемлекеттік тіркелу Анықтамасы 2014 жылғы 30 желтоқсанда Атырау қаласының әділет Басқармасында, Атырау облысының Әділет Департаментінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және заңдарына сәйкес, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Атырау облысы әкімдігінің Қаулысымен бекітілген Басқарма Ережесінің негізінде жүзеге асырады.

Мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77-үй, 4-қабат.

 

1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штат саны -15адамды құрайды, нақты - 11 адам бар, 4 бос лауазымдар (құқық және әкімшілік бөлімінің басшысы және басқармадан 3 бас маман, бұл ретте 2 лауазым уақытша бос) бұл кадрлардың ауысуы бойынша 2017 жылдың 1-жартыжылдық (өспелі қорытындымен) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментіне берілген есеппен расталады.

 

2. Мүдделер қақтығысын реттеу

«Мүдделер қақтығысын» бақылау журналы жүзеге асырылады, басқарма мамандарының жеке мүдделерімен, онда жеке мүдделері олардың қызметтік міндеттерін дұрыс орындамауға әкелуі мүмкін қарама-қайшылық тіркелген жоқ.

 

3. Атырау облысы аумағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындау және өткізу.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу, ұйымдастыру рәсімдерді жүзеге асыру Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы негізінде және Атырау облысы әкімшілігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы №120 қаулысымен бекітілген жұмыстар мен қызметтердің Тізіміне сәйкес жүргізіледі.

Аталған тізбеге келесі жұмыстар мен қызметтер кіреді:

1) Құру (салу) жаңа, не қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу бар құрылыстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникациялар, аумақты абаттандыру, бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын асқан кезде жұмыс көлемінің құндық мөлшері төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен белгіленген тиісті қаржы жылына арналған;

2) Әзірлеу, жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы асқан жағдайда жұмыстар көлемін құндық төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен белгіленген, тиісті қаржы жылына арналған;

3) Инжинирингтік қызметтер көрсету-сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі (техникалық қадағалау) асқан кезде қызмет көрсету көлемінің құндық мөлшері төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш белгіл енген, тиісті қаржы жылына арналған;

Басқарма мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен Тапсырыс берушінің бекітілген өтінімдерін қолдану негізінде жүзеге асырады және жүргізеді.

2017 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша Басқармамен (өспелі қорытындымен) конкурс тәсілімен 165 жалпы соммасы 43 695 241 805,87 теңгеге мемлекеттік сатып алу жарияланды, оның қорытынды саны 136 конкурстар. Атырау облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит Департаментінің хабарламасы негізінде конкурс тәсілімен 14 мемлекеттік сатып алулар жойылып және жаңаша қайта жарияланды.

Жұмыс тобымен жүргізілген талдау барысында, Атырау облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит Департаментімен ұсынылған негізгі бұзушылықтар Тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алуларды өткізуде техникалық ерекшелік, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, инжинирингтік қызмет көрсету, жоспарлау және жылдық жоспарын бекіту кезінде жіберілген қателіктері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес техникалық және (немесе) күрделі технологиялық объектілері үшін ғимараттар мен құрылыстардың жалпы жіктеу анықтау ережесін сақтамауы анықталды.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментінің камералдық бақылау негізіндегі жіберілген хабарламада көрсетілген ескертулер, конкурстық рәсімдерді өткізу барысында жойылды, сондай-ақ бізбен аталған ескертулер Тапсырыс берушілерге техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде, инжинирингтік қызмет көрсету, сондай-ақ жоспарлау және жылдық жоспарын бекіткен кезде жұмыста пайдалану үшін жіберілді.

Осыған орай, Тапсырыс берушілердің жылдық жоспарын жоспарлау мен техникалық ерекшеліктерін әзірлеу және бекіту кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі көрінеді.

 

4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапасын қарау

2017 жылғы 27 маусымдағы есепті кезеңнің жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Құқықтық Статистика Бас прокуратурасының және АЕК Атырау облысы бойынша Басқармасына жіберілген салыстыру актісімен расталған, мемлекеттік сатып алу сұрағы бойынша түскен 2 заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері белгіленген тәртіппен қаралды, бұзушылық анықталған жоқ.

 

5. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау

Басқармада мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметшінің мәртебесімен байланысты шектеулер және Этикалық кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары қатаң сақталады.

Ішкі талдау кезінде Басқарманың екі қызметкерінде Этикалық кодекс нормаларын сақтамауына байланысты,әлеуметтік желілерде фото суреттерінің жарияланған бөлігіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің пайда болу жағдайы анықталды.Этикалық кодексін сақтамауына байланысты тәуекелдерді жою мақсатында 12.06.2017 жылы хаттама жүргізу арқылы, Басқарманың барлық қызметкерлері арасында отырыс өткізіліп, әлеуметтік желідегі жарияланған фото суреттерін жойып, екі қызметкерге қатаң ескерту жарияланды.

Басқарма қызметкерлеріне қатысы қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ.

 

6. Талдау пәнінен туындайтын басқа да сұрақтар.

Басқарма қызметкерлері туралы БАҚ-да сыни жарияланымдар болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабының негізінде және Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы №120 қаулысымен бекітілген жұмыстар мен қызметтер Тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларына сәйкес, мемлекеттік сатып алу өткізуге техникалық ерекшеліктердің үлгілік талаптарының болмауы, жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде және құрылыс саласында инженерингтік қызметтерді көрсетуде, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан әдіснамалық көмек құралдарының болмауы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

 

Қорытынды: Мемлекеттік сатып алуды өткізуге техникалық ерекшеліктерінің үлгілік талаптарының болмауы, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуде және құрылыс саласында инженерингтік қызметтерді көрсетуде Тапсырыс берушілермен тәуекелі жоғары талаптарын белгілеу қаупі бар.

Ұсыныс: Түсіндіру жұмыстарын жүргізу және Тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын, мемлекеттік сатып алу саласында дұрыс түсіну бөлігінде, құқықтық тәрбиесін арттыру мақсатында іс-шараларды жүзеге асыру ұсынылады.

Бұл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мүмкіндігін жояды.

 

 Жұмыс топбының мүшелері _____________ А.Байдельденова

_____________ А.Бекова

______________А.Қызылбаева

 

 

 


Мақаланың шыққан күні:: 29.06.2017 01:19
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.08.2017 07:17