Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық АНЫҚТАМА

І. Кіріспе

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім)- бөлім басшысы басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-6; азаматтық қызметшілер саны-20. Олар: 6 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және орынбасары, 4 бас маман) мен 2 штаттан тыс қызметкер (іс жүргізуші, автокөлік жүргізушісі) бөлімнің әдістемелік кабинетінде 14 қызметкер (1 әдістемелік кабинет меңгерушісі, 12 әдіскер, 1 хатшы) мен бухгальтериясында 6 қызметкер (бас есепші, 5 есепші) барлығы 28 қызметкер жұмыс істейді.

Бөлімге қарасты 3 бастауыш, 4 негізгі орта, 26 жалпы орта, барлығы 33 мектеп, 22 балабақша, 6 мектептен тыс мекеме, оның 4-уі қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасауда.

2016-2020 жылдарға арналған Құрманғазы ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сай күні бүгінде жұмыс жасап тұрған үш аусымды оқитын мектеп жоқ. Бөлімге қарасты 33 мектептің ішінде бір аусыммен 9 мектеп, екі аусыммен 24 мектеп жұмыс жасауда. Апатты деп саналған 2017 жылы құрылысы басталған Лабай жалпы орта мектебінің құрылысы аяқталуы жақын.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Бөлімдегі және бөлімге қарасты мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі 25 үй, тел.: 8(71233)2-04-00 эл.поштасы: kurmangazy.roo@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 21 маусым 2018 жыл, аяқталды: 25 маусым 2018 жыл.

4. Бақыланатын кезең: 2018 жылдың 01 қаңтары мен 2018 жылдың 25 маусым аралығы.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2017 жылдың 28 желтоқсан күнгі №908 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылуда.

1) 2018 жылдың он екі айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны: барлығы –430 бұйрық берілген. Құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы бақылануда Бөлімге қарасты білім мекемелеріндегі түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекемелердегі бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. 2018 жылдың ішінде: 1 негізгі орта мектепке, 1 қосымша білім беру мекемесі мен 6 балабақшаға конкурс жарияланылды.

4) Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілер штаттық бірлігіне өзгеріс енгізілуіне орай, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары жиынтығы жобасы жасақталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келісім алынып 2018 жылғы сәуір айында жаңадан бекітілді.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды

қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қызметкерлерге қол қойдыру арқылы жүргізіліп отыр.

5) Бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Мектептерге 2018 жылы физика кабинетін сатып алуға 198661,0 тенге қаржы бөлініп, конкурс өтіп, жеңімпаз мекеме анықталды. 30 дана робототехника сатып алуға 201960,0 теңге қаржы бөлініп, конкурс жарияланды.

2018 жылдың 18 қаңтарында Облыс әкімінің төрағалығымен Мақат ауданында өткен көшпелі жиналыста №01-01-5/4 хаттаманың 1-тармағының 5-тармақшасында тапсырылған: «Құрылыс саласында орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша бақылауды күшейту, құрылыс саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жұмыстарды жандандыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында ауданның мектеп директорларынан заң шеңберінде мемлекеттік сатып алу міндеті алынып тасталып, мемлекеттік сатып алу білім беру бөлімі арқылы ұйымдастырылып отыр. Сонымен бірге, Құрылыс мәселесі жұмыстарына қатысты бөлімге арнайы бас маман штаттық бірлігі қарастырылып, конкурс қортындысымен 2018 жылғы 11 мамырынан бастап бас маман жұмысқа қабылдау конкурстық жұмыстары іске асырылып, күні бүгін бөлімде арнайы маман жұмыс жасауда.

«Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салуды алдын-алу мақсатында мемлекеттік мүлікті пайдаланудың бақылауын күшейту бойынша: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі және бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында мүліктерге және тауарды материалдық құндылықтарға түгендеу жылма жыл қараша айында өткізіліп, желтоқсан айында қортындысы бөлім бойынша мәліметті жинақталып отырады. Сонымен бірге, ауданның білім беру ұйымдарындағы 2018 жылғы 20 науырызына дейін 2017 жылдың қортындысымен 1) «Активтерді түгендеу, соның ішінде үй-жай және автомобильдер» шаблонын қолдана отырып, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүліктерді түгендеу, паспорттау және қайта бағалау туралы ақпарат; 2) «325 - мемлекеттік мекемелерге» шаблонын пайдалана отырып, жылдық қаржылық есептілік бойынша ақпаратты ЕТБЖ (ЕССО) бағдарламасына Тізілімге енгізу жұмысы бойынша мәліметтер есептіліктері уақытылы алынып, бір данасын бөлімде және екінші данасын аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырылып отыр.

2018 жылдың 6 айында бөлім бойынша 2897731,0 тенге қаржы жоспарланды Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Ауданның білім беру ұйымдары басшыларына қаржылық құжаттарды рәсімдеу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны басшының өзімен қол қою (өзге тұлғаларға бермеу) мәселесі бөлімнен хат арқылы қайталап ескертілді.

«Білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілерін «Мемлекеттік сатып алу заңнамасы» тақырыбында құқықтық оқыту семинар-жиналыстарын ұйымдастыру, біліктілік арттыру курсынан өткізу» бойынша:

Қаржылық сауаттылық пен біліктіліктерін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бойынша» өтетін түсіндіру шарасына 2018 жылдың мамыр айында бөлімнің бас есепшісі Р.Абишева мен есепші-экономисті Г.Сабрияева құқықтық оқуға қатыстырылды.

6) Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2018 жылғы 6 айлығында 24 мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ. Білім бөлімінен осы жұмысты үйлестіруші бас маман Р.Кумарова мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Бөлімге 2018 жылдың 6 айында барлығы 2 өтініш-арыздар түсіп, оның 1-і жеке тұлғадан өтініш-арыздар түсіп, Ал, заңды тұлғадан 1 өтініш-арыздар түсіп, 2-уі де түсіндірілді. Бөлімге түскен арыздарға үнемі уақытылы жауап беріліп отыр.

2018 жылғы 5 маусым күні өткен бөлімнің директорлар мәжілісінде жалпы білім беру ұйымдары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

1) педагог қызметкерлерді аттестаттаудың өзгерісі мен жаңа жүйесіне байланысты;

2) «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы» құжаттардың телнұсқаларын беру ХҚКО-мен бірлескен түрде көрсетілетін «мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша және бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарының орындалуы бойынша және 06.06.2018 жылы сағат 15-00-де балабақшалар үшін: балабақшалар меңгерушілері мен мектептен тыс мекемелер басшыларына және 08.06.2018 жылы сағат 15-00-де мектептер үшін: мектептердің оқу ісі бойынша орынбасарлары мен мектепішілік аттестациялау комиссиясының жауапты хатшылары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты үйлестіруші жауапты маман немесе тәрбие ісі бойынша орынбасарлары қатысқан аудандық талқылау жиналысы ұйымдастырылып, бас маман Т.Медеугалиеваның қатысуымен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында стенд жасақталып, ілінген.

Барлық білім беру ұйымдарына сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылуда.

Білім бөлімінің дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Бөлімнің ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Бөлімнің сенім телефоны ретінде 2-08-89 нөмірі бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ақпараттық стендтер мен 33 мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрыштары барлық білім беру мекемелерінде дайындалып, жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.

Сонымен бірге, барлық білім беру ұйымдарында «сенім жәшігі» мен «сенім телефондары» жұмыс жасайды.

Барлық білім беру ұйымдарында ақша жинауды болдырмау, мектеп бітіру мен мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр. Барлық білім беру ұйымдарында «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» банерлері ілінген. Биылғы оқу жылын бітірушілер үшін салтанатты шаралардан кейін мектеп әкімшілігі тарапынан кештер ұйымдастыру болған жоқ.

Ауданның барлық білім беру ұйымдарында «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру- бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Пара берсең жазаланасың!» және «Параға емес, биікке ұмтыл!» тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрінікті жерге орналастыру тапсырмасы орындалып, Мектептер фойелерінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс», «Сыбайлас жемқолыққа – жол жоқ», стенділерінде және «Парасатты азамат бұрыштарындағы стенділеріне, Мектептің ата-аналарына арналған ақпараттық тақталарға және балабақшалардың топтардағы «Ата-аналар үшін» бұрышына, дәлізіндегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы стенділеріне ілінді.

Ауданның білім беру ұйымдарында халық арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстары басшылары тарапынан бақыланып отыр. Мысалы: Ақкөл жалпы орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамасының түсіндірілуі, насихаттау жұмыстарының барысы 2018 жылғы 28 сәуірде өткен №34 мектеп әкімшілігі жиналысында мәселе талқыланып, қаралды.

Мектептердегі сынып сағаттарының интернет ресурстарда жариялануының сілтемелері көрсетілген ақпарат білім бөлімінде жинақталуда. Бұл мектепішілік шаралары Facebook интернет ресурсындағы - «Құрманғазы тәрбие» «Абай мектебі парақшасы», «Атырау тәрбие бөлімі» парақшаларынан көрініс табуда.

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен оқушылардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылғанымен. Алайда, мемлекеттік қызмет көрсетулерге байланысты, халықты ақпараттандыру мақсатындағы білім беру мекемелеріндегі құқықтық оқулар мен жергілікті басылым беттеріне жарияланымдар беру мәселесі әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар барысында Құрманғазы ауданы мектептерінде «Адал ұрпақ» клубтары» құрылып, клубқа 408 оқушы тартылуда. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қызметінің ережесі басшылыққа алынып жұмыстар жалғасын табуда.

«Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мәнінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда ауданның барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың мақсатын көздеген түрлі жоспарлы шаралар уақытылы өткізілуде. Атап айтсақ:

2018 жылғы 6 сәуірде М.Әуезов, ГМИ, Ю.Гагарин жалпы орта мектептерінде «Біз ең таза қоғамды құрамыз» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік шаралар болып өтті. Бұл шараларға ата – аналар кеңесінің төрайымы мен ата – аналар кеңесінің мүшелері, мектеп инспекторлары қатысты.

2018 жылғы 12 сәуірде Ақкөл жалпы орта мектебінде 56 ата-ана, 32 мұғалім қатысқан ата-аналарға заңдылықтар мен құқықтары жайлы түсінік беру мақсатындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс» тақырыбымен басқосу болып, жадынамалар таратылса, ал 2018 жылғы 23 сәуірдегі Абай, Б.Бегалиев, Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектептерінде 8-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік бәле» тақырыбындағы пікірлесулерқ ұқықтық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі туралы презентация, бейне фильм көрсету арқылы өткізілді.

2018 жылғы 11 мамырда Д.Нүрпейісова атындағы, Қиғаш жалпы орта мектептерінде 9-10 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз –Қазақстан!» атты акция өткізіліп, акция аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты шығармалар және суреттер байқауы ұйымдастырылып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларға алғыс жарияланды.

Бөлімге қатысты сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Ал, білім беру ұйымдары ішінен «С.Мұханов атындағы жалпы орта мектебі директоры К.Сүйінова тарапынан әдептілік этикасын бұзу мен сыбайлас жемқорлық тәуекелі фактісі: мектепте «ақша жинау» мәселесі көрсетілген фейзбук желісіндегі «Көптоғай ауылы» парақшасына 2018 жылғы 17 мамырда шыққан хабарламаға сәйкес, бөлімнің шұғыл іс-қимыл жасауы мақсатында қызметтік тексеріс болып, ұжым мүшелерінің пікірі тыңдалып, фактілер расталмады.

Бөлімнің веб-сайтына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ақпараттар орналастырылуға екі тілдегі ақпарат Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөліміне уақытылы жолданып отыр.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Е.Баяров- бөлім басшысының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі. 8(71233)2-08-89.

Бөлімнің және бөлімге қарасты білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

1) Мектептегі «Kundelik» бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану және «Bilimland» білім платформасы» сандық білім беру ресурсы жүйесін пайдалану жұмыстарын талапқа сай жүргізілуіне тиісті дәрежеде көңіл бөлмей, «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану шеңберінде мектеп жұмысының төмендеуіне жол бергені үшін, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп директоры Б.Сайыповқа «сөгіс» түріндегі ал, Н.В.Гоголь атындағы жалпы орта мектеп директоры А.Далиевке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылсын.

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабы 1 тармағының 2 тармақшасының іске асырылуын талдау қортындысы бойынша 2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 31 желтоқсан аралығында мекемеге электр қыздыру шамдарын сатып алу үшін қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын сатып алынуына жол беріп, Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» қолданыстағы Заңды бұзғаны үшін, бөлім бойынша жауапты тұлға: есепші Г.Бегееваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

3) Мектепке 2018 жылы алынатын физика кабинетін сатып алуға қатысты конкурстық құжаттарды білім бөліміне жолдау тапсырмасының уақытылы орындалуына тиісті дәрежеде көңіл бөлмей, орындаушылық жаупкершіліктің төмендеуіне жол бергені үшін, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры Қ.Ильясоваға, «Панфилов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры Б.Мусаевқа, «Ақкөл жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры А.Каржауоваға және «Құрманғазы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры У.Сагынгалиевке «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.

3) Құрманғазы ауданының прокуратурасының «Заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы» 2018 жылғы 28 ақпандағы №2-05-18-00239 Ұсыныс хаты негізінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңының 1-бабының 5 тармағының және 4-бабының 1,5 тармақтарының бұзылып, мектеп-интернаты ішіндегі жасы кәмелетке толмағандардың арасында профилактикалық жұмыстардың тиісті дәрежеде жүргізілмеуі, интернат қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттеріне салғырт қарауына жол беріп, мектепішілік бақылау басшылықты төмендеткені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернаты» мемлекеттік коммуналдық мекеме директоры Қ.Бисенгалиевке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданыл

Бөлімнің және бөлімге қарасты білім беру ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қортынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

1. ____________Е.Баяров- бөлім басшысының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі

2. ____________Т.Медеугалиева- бөлімнің бас маманы жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері

 

3. ____________ Р.Кумарова- бөлімнің бас маманы

 

4. ____________ Р.Абишева- бөлімнің бас есепшісі

 

5. ____________А.Арыстанова - бөлім әдіскері

6. ____________ Н.Ханатова- бөлім әдіскері

7. ____________ А.Ахметжанова- бөлім әдіскері


Мақаланың шыққан күні: 28.06.2018 02:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.06.2018 02:51

Қаралым саны: 1057