Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Қ.Абаханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Қ.Абаханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мектеп директоры басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Қ.Абаханов атындағы орта мектебі бойынша мектеп директоры -1, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-2, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-2; мұғалімдер саны-56, психолог-2, мектеп тәлімгері-1, тәрбиеші -2, кітапханашы-1, зертханашы- 3, кіші қызметкерлер саны -45 адам жұмыс істейді.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер ауданы білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Қ.Абаханов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы, Үсенов көшесі. 13 үй , тел.: 8(71234) 27 3 11 эл.поштасы: sshabakanov@mail.ru

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 1 тамыз 2019 жыл, аяқталды: 25 желтоқсан 2019 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Қ.Абаханов атындағы орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019-2020 жылға арналған іс-шаралар» жоспары жасақталып, бекітілді. Жоспарда мынадай іс-шаралар көзделген: жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру, мемлекеттік сатып алулар жүргізу барысында айқындылықты сақтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, тәрбие сағаттары, "Ашық есік" күні ұйымдастырылып, іс-шаралардың қорытындысын жария етіп отыру. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып отырады. Осы талаптарды қатаң сақтау үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Қ.Абаханов атындағы орта мектебінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2019 жылғы 12 айлығында мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Мектепке 2019 жылдың 12 айында арыз-шағымдар уақытылы жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қ.Абаханов атындағы орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан, білім бөлімінен келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылып тұрады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мектепте стенд жасақталып, ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрыштарының жоспарға сәйкес материалдары өзгертіліп тұрады. Сонымен қатар, мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген және «сенім телефондары» (телефон 27-3-11) жұмыс жасайды.

Мектеп кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұрышы жасақталынды. Оған заңнамалық құжаттар, жемқорлыққа байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар ілініп отырады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қ.Абаханов атындағы орта мектебі бойынша ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ деген тұжырымға келді.

Басшыға және кадр жұмыстарына шағымдар түскен жоқ.

Қ.Абаханов атындағы орта мектебі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық білімді насихаттау бойынша жұмыстарды тұрақты түрде өткізу;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру;


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020 15:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 15:47

Қаралым саны: 165