2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық АНЫҚТАМА | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық АНЫҚТАМА

І. Кіріспе

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім)- бөлім басшысы басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-6; азаматтық қызметшілер саны-20. Олар: 6 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және сектор меңгерушісі, 4 бас маман) мен 2 штаттан тыс қызметкер (іс жүргізуші, автокөлік жүргізушісі) бөлімнің әдістемелік кабинетінде 14 қызметкер (1 әдістемелік кабинет меңгерушісі, 12 әдіскер, 1 хатшы) мен бухгальтериясында 6 қызметкер (бас есепші, 5 есепші) барлығы 28 қызметкер жұмыс істейді.

Бөлімге қарасты 3 бастауыш, 4 негізгі орта, 26 жалпы орта, барлығы         33 мектеп, 22 балабақша, 6 мектептен тыс мекеме, оның 4-уі қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасауда.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Бөлімдегі және бөлімге қарасты мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі 25 үй, тел.: 8(71233)2-04-00 эл.поштасы: kurmangazy.roo@mail.ru

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 20 желтоқсан 2018 жыл, аяқталды: 14 қаңтар 2019 жыл.

  1. Бақыланатын кезең: 2018 жылдың 01 қаңтары мен 2018 жылдың 29 желтоқсаны аралығы.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы      26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының   2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің    2017 жылдың 28 желтоқсан күнгі    №908 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылды.

1) 2018 жылы бөлімде қабылданған құқықтық акті саны: барлығы –       814 бұйрық берілген. Құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы бақылануда. Бөлімге қарасты білім мекемелеріндегі түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекемелердегі бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға  үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. 2018 жылдың ішінде: 3 жалпы орта, 1 негізгі орта мектепке, 1 қосымша білім беру мекемесі мен 6 балабақшаға конкурс жарияланылды.

4) Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы үнемі бақылауда.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілер штаттық бірлігіне өзгеріс енгізілуіне орай, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары жиынтығы жобасы жасақталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келісім алынуға дайындалды.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.

Мемлекеттік қызметші мәртебесі мен беделін арттыру және халықпен қарым қатынас мәдениеті туралы бөлімнің бас маманы Е.Джумабаеваның жергілікті «Серпер» үнжариясына «Халыққа жақын, әр істе әділ» тақырыбымен мақаласы 2018 жылғы 26 сәуірде жарияланды.

Бөлімде 2018 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы - бақыт мекені» Республикалық апталығы аясында жасалған жоспарға сай мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелеріне арналған «Ашық есік» күні шарасы «Менің мемлекеттік қызметім – отбасымның мәртебесі» тақырыбымен 2018 жылдың    11 қыркүйек күні ұйымдастырылып өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілерге    2018 жылдың ішінде бөлімнен тәртіптік жаза берілген жоқ. Сәйкесті мерзімінен бұрын алынып тастау да болған жоқ.

Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Т.Жұмағұловтың 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №01-08-9/10116 санды хатында көрсетілген мәселені талқылауға байланысты 2018 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 14-30 да Құрманғазы аудандық білім бөлімінің акт залында аппарат мәжілісі білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен, бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Баяровтың төрағалығымен болып өтті. Күн тәртібі бойынша бөлімінің бас маманы Т.Ж.Медеугалиева Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Т.Жұмағұловтың    2018 жылғы 7 желтоқсандағы №01-08-9/10116 хаты, осы мәселеге байланысты Құрманғазы ауданы әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы                            10 желтоқсандағы №08-01-05/1546 хатын таныстырып, өтіп жатырған «Сыйлықсыз сыйласу» акциясының бағдарламасынан түсінік беріп, орындалуын қамтамасыз ету керек екендігін бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен барлық білім беру ұйымдары басшыларының қаперіне берді.

Бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Баяров күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдын алу жұмысы ретінде басқосу өткізіліп отырғанын және шектеулерді сақтамағын жағдайда, мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік, әкімшілік, жеке жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 677 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескерте отырып, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мемлекеттік басқару органдарының имиджін және педагогикалық әдептілікті анықтайтын мінсіз әдеп-құлықтарымен қатар жүруі керектігін түсіндіріп, төмендегідей тапсырмаларды барлық бөлім қызметкерлері мен барлық білім беру ұйымдары басшыларына жүктеді:

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен оған теңестіріліген лауазымды тұлғалар үшін өздерінің функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында мемлекеттік қызметшілерден, қарауындағы қызметкерлерден және өзге адамдардан сыйлықтарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдауына тыйым салынды.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен оған теңестіріліген лауазымды тұлғалар өздерінің функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында мемлекеттік қызметшілерден, қарауындағы қызметкерлерден және өзге адамдардан сыйлықтарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдауына жол берілмеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен бірге, Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2018 жылғы 27 қарашадағы хатымен жолданған «Сыйлықсыз сыйласу» акциясының бағдарламасы ауданның барлық білім беру ұйымдарына арнайы хатпен жолданды.

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, артық жұмыс атқару фактілерін түбегейлі жою мақсатымен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселенің орындалысы қатаң бақылануда.

5) Бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

2018 жылы: физика кабинетін сатып алуға 198661,0 мың тенге қаржы бөлініп, конкурс өтіп, жеңімпаз мекеме анықталып, 102200,0 мың теңгеге сатып алынып, үнемделген қаржы облыстық бюджетке кері қайтарылды.

30 (отыз) дана робототехника сатып алуға 201960,0 мың теңге қаржы бөлініп 185803,2 мың теңгеге сатып алынып, үнемделген қаржы облыстық бюджетке кері қайтарылды. Бұдан басқа, 441800,0 мың теңгеге оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар тасымалданып, 5034,400 мың теңгеге ІТ кабинет сатып алынды. Жеке кәсіпкер Аубикирова жеңімпаз болған білім беру ұйымдарының басшыларына жарияланған хабарландыру үшін 56,0 мың теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылды.

2018 жылдың 18 қаңтарында Облыс әкімінің төрағалығымен Мақат ауданында өткен көшпелі жиналыста №01-01-5/4 хаттаманың 1-тармағының    5-тармақшасында тапсырылған: «Құрылыс саласында орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша бақылауды күшейту, құрылыс саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жұмыстарды жандандыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында ауданның мектеп директорларынан заң шеңберінде мемлекеттік сатып алу міндеті алынып тасталып, мемлекеттік сатып алу білім беру бөлімі арқылы ұйымдастырылып отыр. Сонымен бірге, Құрылыс мәселесі жұмыстарына қатысты бөлімге арнайы бас маман штаттық бірлігі қарастырылып 2018 жылғы 11 мамырынан бастап бөлімде арнайы бас маман жұмыс жасауда.

2016-2020 жылдарға арналған Құрманғазы ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сай күні бүгінде жұмыс жасап тұрған үш аусымды оқитын мектеп жоқ. Бөлімге қарасты 33 мектептің ішінде бір аусыммен 9 мектеп, екі аусыммен 24 мектеп жұмыс жасауда.

2018 жылғы 1 қыркүйегінде Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимарат құрылысы қолданысқа берілді. Апатты деп саналған 2017 жылы құрылысы басталған Лабай жалпы орта мектебінің жаңа ғимараты аяқталып 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа берілді.

Бұдан басқа 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар Д.Нұрпейсова, Ы.Алтынсарин, Н.С.Манаев атындағы және Нұржау жалпы орта мектептері. Күрделі жұмыстардың жүруі барысындағы мердігерлер жұмыстарын Ы.Алтынсарин, Д.Нұрпейсова атындағы және Нұржау жалпы орта мектептері облыстық экономикалық сотқа «жосықсыз» деп тану мәселесімен арыздары берілді. Күні бүгін Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мердігері «жосықсыз» деп танылды.

«Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салуды алдын-алу мақсатында мемлекеттік мүлікті пайдаланудың бақылауын күшейту бойынша: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі және бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында мүліктерге және тауарды материалдық құндылықтарға түгендеу жылма жыл қараша айында өткізіліп, желтоқсан айында қортындысы бөлім бойынша мәліметті жинақталып отырады. Сонымен бірге, ауданның білім беру ұйымдарындағы 2019 жылғы 20 науырызына дейін 2018 жылдың қортындысымен 1) «Активтерді түгендеу, соның ішінде үй-жай және автомобильдер» шаблонын қолдана отырып, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүліктерді түгендеу, паспорттау және қайта бағалау туралы ақпарат; 2) «325 - мемлекеттік мекемелерге» шаблонын пайдалана отырып, жылдық қаржылық есептілік бойынша ақпаратты ЕТБЖ (ЕССО) бағдарламасына Тізілімге енгізу жұмысы бойынша мәліметтер есептіліктері уақытылы алынып, бір данасын бөлімде және екінші данасын аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырылып отыр.

2018 жылы білім саласы бойынша 6072418,0 мың тенге қаржы жоспарланып, 6072314,398 мың теңгесі игеріліп, Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілу көрсеткіші  99,99 пайыз болды.

Ауданның білім беру ұйымдары басшыларына қаржылық құжаттарды рәсімдеу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны басшының өзімен қол қою (өзге тұлғаларға бермеу) мәселесі бөлімнен хат арқылы қайталап ескертілді.

«Білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілерін «Мемлекеттік сатып алу заңнамасы» тақырыбында құқықтық оқыту семинар-жиналыстарын ұйымдастыру, біліктілік арттыру курсынан өткізу» бойынша:

Қаржылық сауаттылық пен біліктіліктерін арттыру мақсатында 2018 жылдың 20 ақпанында Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі базасында «Зерде» республикалық оқу орталығының «Мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбындағы ұйымдастырған семинарына ауданның барлық білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілері және бөлімнің бас есепшісі мен бөлімнің мемлекеттік сатып алуға жауапты есепшісі қатыстырылып, біліктіктерін арттыру шаралары қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бойынша» өтетін түсіндіру шарасына   2018 жылдың мамыр айында бөлімнің бас есепшісі Р.Абишева мен есепші-экономисті Г.Сабрияева құқықтық оқуға қатыстырылса, 2018 жылдың 22-24 шілде айында бөлім басшысының орынбасары Е.Баяров пен бас маманы Р.Шарипов «Электрондық мемлекеттік сатып алуларды тиімді ұйымдастыру мен басқару тақырыбындағы семинар-оқуға қатыстырылды.

6) Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес                       2018 жылғы 12 айында білім саласы бойынша 28 мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында аудан көлеміндегі білім беру мекемелерінде 28 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша аудан тұрғындарына барлығы 7084 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Білім бөлімінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан бөлім басшысының орынбасары, 3 бас маман өтті.

Бөлімге 2018 жылдың 12 айында барлығы 8 өтініш түсті. Оның ішінде жеке тұлғадан 7 өтініш, заңды тұлғадан 1 өтініш түсті. Түсіндірілгені – 5, қанағаттандырылғаны – 3 өтініш.

Бөлімге түскен өтініштерге мерзімінде жауаптары беріліп, орындалды.

2018 жылдың қаңтар айында өткен бөлімнің директорлар мәжілісінде «Білім бөлімі және жалпы білім беру ұйымдары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалысы туралы» тақырыбымен мәселе қаралып, мектептердегі «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша жағдай баяндалып, осы қызмет бойынша мектеп басшыларына бас маман Р.Кумарованың қатысуымен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

2018 жылғы 5 маусым күні өткен бөлімнің директорлар мәжілісінде жалпы білім беру ұйымдары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

1) педагог қызметкерлерді аттестаттаудың өзгерісі мен жаңа жүйесіне байланысты;

2) «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы» құжаттардың телнұсқаларын беру ХҚКО-мен бірлескен түрде көрсетілетін «мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша және бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2018 жылға арналған жоспарының орындалуы бойынша және 06.06.2018 жылы сағат 15-00-де балабақшалар үшін: балабақшалар меңгерушілері мен мектептен тыс мекемелер басшыларына және 08.06.2018 жылы сағат 15-00-де мектептер үшін: мектептердің оқу ісі бойынша орынбасарлары мен мектепішілік аттестациялау комиссиясының жауапты хатшылары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты үйлестіруші жауапты маман немесе тәрбие ісі бойынша орынбасарлары   қатысқан аудандық талқылау жиналысы ұйымдастырылып, бас маман Т.Медеугалиеваның қатысуымен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

2018 жылғы 7 қыркүйекте «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы» құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын талқылау тақырыбымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Құрманғазы аудандық бөліміндегі мамандарға білім бөлімінің бас маманы Т.Медеугалиева оқыту жүргізді.

«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сай Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарымен бірлескен жұмысты жүйелеу мақсатымен 2018 жылғы 6 желтоқсан күні «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарттарын талқылау тақырыбымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Құрманғазы аудандық бөліміндегі мамандарға білім бөлімінің бас маманы Т.Медеугалиева оқыту жүргізді.

2018 жылдың қараша айында алғаш рет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Құрманғазы аудандық бөлімі арқылы «Абай атындағы жалпы орта мектебі», «М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі», «Сүйіндік жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің директоры бос лауазымдық қызметтері орнына жарияланған конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау жүргізілді.

2018 жылдың мамыр және қазан айларында білім беру ұйымдарының басшылары: 12 мектеп директоры, 12 балабақша, 1 кешкі мектеп директоры,       1 түзеу кабинет меңгерушісі аттестациялаудан өткізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында стенд жасақталып, ілінген.

Барлық білім беру ұйымдарына сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылуда.

Білім бөлімінің дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Сонымен бірге, 2018 жылы «Мақсатымыз - жемқорлыққа тосқауыл қою» тақырыбында жадынамалар үшін жаңадан арнайы стенд жасақталды.   Бөлімнің ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Бөлімнің сенім телефоны ретінде 2-08-89 нөмірі бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ақпараттық стендтер мен 33 мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрыштары барлық білім беру мекемелерінде дайындалып, жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.

Сонымен бірге, барлық білім беру ұйымдарында «сенім жәшігі» мен «сенім телефондары» жұмыс жасайды.

Барлық білім беру ұйымдарында ақша жинауды болдырмау, мектеп бітіру мен мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр. Барлық білім беру ұйымдарында «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» банерлері ілінген. Биылғы оқу жылын бітірушілер үшін салтанатты шаралардан кейін мектеп әкімшілігі тарапынан кештер ұйымдастыру болған жоқ.

Ауданның барлық білім беру ұйымдарында «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру- бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Пара берсең жазаланасың!» және «Параға емес, биікке ұмтыл!» тақырыбымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрінікті жерге орналастыру тапсырмасы орындалып, Мектептер фойелерінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс», «Сыбайлас жемқолыққа – жол жоқ», стенділерінде және «Парасатты азамат бұрыштарындағы стенділеріне, Мектептің ата-аналарына арналған ақпараттық тақталарға және балабақшалардың топтардағы «Ата-аналар үшін» бұрышына, дәлізіндегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы стенділеріне ілінді.

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен оқушылардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылғанымен. Алайда, педагогтар мен сынып жетекшілер үшін жүргізілетін білім беру мекемелеріндегі құқықтық оқулар сапасы мен жергілікті басылым беттеріне жарияланымдар беру мәселесі әлі де жетілдіруді қажет етеді.

        Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар барысында Құрманғазы ауданы мектептерінде «Адал ұрпақ» клубтары» құрылып, клубқа 418 оқушы тартылуда. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қызметінің ережесі басшылыққа алынып жұмыстар жалғасын табуда.

«Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мәнінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда ауданның барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың мақсатын көздеген түрлі жоспарлы шаралар уақытылы өткізілуде. Мектептердегі өтілген шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету мақсатындағы бұқаралық ақпарат құралдарында, жариялау бойынша әлеуметтік желілердегі сілтемелері көрсетілген ақпарат білім бөлімінде жинақталған. Бұл мектепішілік шаралары Facebook әлеуметтік желілерінде - «Құрманғазы тәрбие» «Абай мектебі парақшасы» және т.б. мектептердің парақшаларында, «Атырау тәрбие бөлімі» парақшаларынан, аудандық «Serper» газетінен көрініс табуда.

         Аудандық деңгейде өткен шараларға тоқталсақ:

Бөлімнің 2018 жылға арналған жоспарына сай, аудандық оқушылар Үйі базасында осы мекеменің ұйымдастырумен 2018 жылғы 27 ақпан күні «Жемқорлық-дерт» тақырыбындағы 9-11 сынып оқушыларының арасында аудандық суреттер сырттай байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушыларды құқықтық сауаттандыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Байқауға аудан мектептерінен 15 оқушы қатысты. Нәтижесінде Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шапхатова Дана жүлделі 1 орынды, Абай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Абдиғалиев Радмир 2 орынды, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің                   10 оқушысы Уазихов Нұрдәулет, Абай атындағы жалпы орта мектебінің             9 сынып оқушысы Нахимов Диас жүлделі 3 орындарды иеленді.

         2018 жылдың 12 наурызында бөлімнің аудандық жоспарына сай барлық білім беру ұйымдарының кітапханаларында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндетіміз» тақырыбымен тұрақты кітап көрмесі жаңартылып жасақтау тапсырмасының орындалуы бойынша Құрманғазы аудандық «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңеспен бірлескен түрде аудандық «Үздік кітапхана бұрышы» сырттай байқауы өткізіліп қортындыланды. Сырттай байқауға 7 мектептен материалдар келіп түсті. Байқау қортындысымен І-ші жүлделі орын М.Ауезов атындағы жалпы орта мектебінің кітап көрмесі, ІІ жүлделі орын –Н.С.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің кітап көрмесі, ІІІ жүлделі орын- Н.В.Гоголь атындағы жалпы орта мектебінің кітап көрмесі иемденді.

Облыстық білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сай 2018 жылғы 15 қыркүйек күні «Адал ұрпақ» ерікті клубтарының байқауы болып өтті. Онда 15 мектеп қатысып, жеңімпаз аталған Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің «Жас патриоттар» «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелері облыстық байқауда І орынға ие болды.

2018 жылғы қыркүйек айында өткен аудандық «Транспарентті есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауында жеңімпаз аталған Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы Какимова Заринаның жұмысы облысқа жіберілді.

2018 жылғы қазан айында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты акция болып өтті. Акция кезінде барлық сыныптарда сыбайлас жемқорлыққа, пара беруге жол бермеу мақсатындағы 4571 жадынамалар таратылды.

2018 жылғы маусым және қараша айларында Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен еңбек ұжымдары мен тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізу үшін және азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру мақсатындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық мобильді топ мүшелерімен бірге бөлімнің бас маманы Т.Медеугалиева Еңбекші және Мақаш ауылдық округтердегі халықпен кездесулерге қатысса, ал бас маманы Р.Кумарова Орлы және Нұржау ауылдық округтердегі халықпен кездесулерге қатысты.

Осы жұмыстардың нәтижесінде: 2018 жылғы 15 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Т.Жұмағұловтың қатысуымен өткен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес- ортақ парызымыз» атты облыстық семинарда бөлім басшысы Г.Кубаева «Мақсатымыз жемқорлыққа тосқауыл қою» тақырыбындағы баяндамасын жасап, бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың мақсатын көздеген, оқушылар бойында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруды жетілдіру мақсатындағы аудандағы жұмыстың жүйесі мен атқарылған шаралар туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

2018 жылғы 7 желтоқсанда аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Жемқорлық дерт» атты аудан мектептерінің 9-11 сыныптар арасында аудандық плакаттар байқауы өтіп жеңімпаздары марапатталды.

Рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 5 желтоқсан күні             «9-желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай барлық аудан мектептерінде «Бірыңғай сағат» болып өтті. Бұл шара аясында «Жемқорлық- дерт», «Ұрланған бала ғұмыры», «Жемқорлықсыз болашақ», «Жемқорлық індет- жою міндет», «Таза қоғам –ел мүддесі» т.б. тақырыпта сынып сағаттар, дөңгелек үстел, пікірталас, ұйымдастырылды. Бұл шараның ауданда ұйымдастырылу нәтижесі бөлімнен арнайы хатпен атқарылған жұмыстардың ақпараты мен фото есебі аудан әкімдігіне және облыстық білім беру басқармасына жолданды.

2018 жылғы 12 желтоқсан күні аудандық «Жемқорлықсыз білім ордасы» жалпы білім беру ұйымдарының жұмыс нәтижелері бойынша сырттай байқауы өткізіліп, жеңімпаздары анықталды. Бұл аудандық шарада барлық білім беру ұйымдарында 2018 жылдың қаңтар айынан бастап желтоқсан айы аралығында жоспарланып, өткен шараларын қортындылау мен «Сыбайлас жемқорлықсыз мектеп», «Сыбайлас жемқорлықсыз балабақша», «Сыбайлас жемқорлықсыз қосымша білім беру ұйымы», «Үздік оқушылармен өткізілген шара», «Үздік сынып сағаты», «Үздік ата-аналармен өткізілген шара», «Үздік педагогтармен өткізілген шара». «Ең үздік мақала», «Ең үздік мектепішілік үнжария», «Үздік ақпараттандыру жұмысы», «Ең үздік жадынамалар стендісі» және «Ең үздік ішкі талдау» жұмыстарын анықтау мақсатында аудандық білім бөлімі мен Құрманғазы аудандық «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңеспен бірлескен түрде «Жемқорлықсыз білім ордасы» тақырыбындағы аудандық сырттай байқауы 2018 жылғы 12 желтоқсан күні өтті. Аудандық сырттай байқауға 10 мектептен (Олар: Б.Бегалиев, Ф.Энгельс, Н.К.Крупская, С.Н.Имашев, Н.В.Гоголь Н.С.Манаев, Ә.Сарсенбаев, М.В.Ломоносов атындағы, Ақкөл жалпы орта мектептері және З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты), 6 балабақшадан («Мерей», «Өркен», «Ақмарал», «Ақтолқын», «Айсамал», «Гаухар» б/б) және    1 (бір) қосымша білім беру ұйымынан (Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі) материалдар келіп түсті. «Сыбайлас жемқорлықсыз мектеп»: Бас жүлде – Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебі, І орын- Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі, ІІ орын- Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебі,          ІІІ орын- С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі, ІІІ орын- Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі иеленді.

«Сыбайлас жемқорлықсыз балабақша»: Бас жүлде- жоқ. І орын- жоқ.        ІІ орын-«Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы, ІІІ орын- «Гаухар» балабақшасы, ІІІ орын- «Өркен» бөбекжай балабақшасы жүлделі орындарға ие болды.

«Сыбайлас жемқорлықсыз қосымша білім беру ұйымы» бойынша жүлделі орындар берілмеді.

Бөлімге қатысты сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Ал, білім беру ұйымдары ішінен «С.Мұханов атындағы жалпы орта мектебі директоры К.Сүйінова тарапынан әдептілік этикасын бұзу мен сыбайлас жемқорлық тәуекелі фактісі: мектепте «ақша жинау» мәселесі көрсетілген фейзбук желісіндегі «Көптоғай ауылы» парақшасына 2018 жылғы 17 мамырда шыққан хабарламаға сәйкес, бөлімнің шұғыл іс-қимыл жасауы мақсатында қызметтік тексеріс болып, ұжым мүшелерінің пікірі тыңдалып, фактілер расталмады.

Бөлімнің веб-сайтына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ақпараттар орналастырылуға екі тілдегі ақпарат Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөліміне уақытылы жолданып отыр.

 

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

1)                    Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)                    Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Е.Баяров- бөлім басшысының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі. 8(71233)2-08-89.

Бөлімнің және бөлімге қарасты білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

1) Өзінің қызметіне салғыртық танытып, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарының бұзылуы мен терроризм қаупіне осал объектілер жұмысын қатаң бақылауда ұстамай, вахтерлер қызметін осалсытқаны және мектеп басшысы тарапынан жұмысқа қабылдау мен жұмыс сұраушылармен қарым-қатынас кезіндегі нормалын тиісті дәрежеде сақтамай арыз-шағым туындауына жол беріп өзіне жүктелген міндетіне салғырттық танытып, жауапкершілікті төмендеткені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Б.Сайыповқа «ескерту»   түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

2) Өзінің қызметіне салғыртық танытып, балабақшасындағы 1-2 жас аралығындағы I-ші кіші сәбилер «Балапан» және 3-4 жас аралығындағы II-ші кіші сәбилер «Күншуақ» тобының топішілік бейне камералары жұмыс жасамауына және балабақша ішілік қарым-қатынаста педагогикалық әдеп нормалын тиісті дәрежеде сақтамай арыз-шағым туындауына жол беріп өзіне жүктелген міндетіне салғырттық танытып, жауапкершілікті төмендеткені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ақтоты» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының меңгерушісі В.Даутоваға «ескерту»   түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

3) «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымдық қызметі орнына конкурстық тағайындау жүйесінің екінші кезеңі: 2018 жылғы 11 желтоқсанында мектебінде өткен мектептің Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің келісімін алу жұмысын «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (әрі қарай қағида) 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына және енгізілген өзгерістері ескеріле отырып, талапқа сай өтуін, қамтамасыз ете алмау себебінен Қағида талаптарының бұзылуына жол беріп, өзіне жүктелген міндетіне салғырттық танытып, жауапкершілікті төмендеткені үшін мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға міндетін атқарушы: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы М.Жандыбаеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

4) «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұржау жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы күрделі жөндеу жұмысын жүргізу барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45-бабының 3 тармағының талабына қайшы 4700,0 мың теңгеге қосымша келісім негізсіз жасақтау себебінен заңнама талаптарының бұзылуына жол беріп, өзіне жүктелген міндетіне салғырттық танытып, жауапкершілікті төмендеткені үшін мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға міндетін атқарушы: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұржау жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Г.Бакешоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

5) «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен «Оқулықтардың, оқу әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығының талабы сақталмай, көрсетілген тізбеде жоқ 2016 жылы 1443,0 мың теңгеге ағылшын тілінде жазылған оқулықтар алынып, мектептерге таратылып, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-ІV Бюджет Кодексінің 4-бабының 12 тармағы сақталмай 1 443,0 мың теңге тиімсіз жұмсалуы себебінен заңнама талаптарының бұзылуына жол беріліп, өзіне жүктелген міндетіне салғырттық танытып, жауапкершілікті төмендеткені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Қ.Мусаеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Бөлімнің және бөлімге қарасты білім беру ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қортынды:

  «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1)                    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2)                    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. ____________Е.Баяров- бөлім басшысының орынбасары, жұмыс                                                                                 тобының жетекшісі
  2. ____________Т.Медеугалиева-   бөлімнің бас маманы                                                                                  жұмыс тобының хатшысы

Жұмыс тобының мүшелері

  1. ____________ Р.Кумарова-   бөлімнің бас маманы

 

  1. ____________ Р.Абишева- бөлімнің бас есепшісі

 

  1. ____________Э.Молдағалиева - бөлім әдіскері

 

  1. ____________ Н.Ханатова- бөлім әдіскері

 

  1. ____________ А.Ахметжанова- бөлім әдіскері

Мақаланың шыққан күні: 22.01.2019 16:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.01.2019 16:56

Қаралым саны: 1113