Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мектеп)- мектеп директоры басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Мектептегі мұғалімдер саны-36, психолог-1, тәлімгер-1, тәрбиеші-3, кітапханашы-1, зертханашы-3, кіші қызметкерлер саны- 43 адам жұмыс істейді. Азаматтық қызметшілер саны-3. /мектеп директоры-1, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-1, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1/

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы, Сағырбаев Құрманғазы 8 үй., тел: 8(71234)24-5-20 эл.поштасы: sh_kulagino@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 1 тамыз 2019 жыл, аяқталды: 25 желтоқсан 2019 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019-2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

1) Бөлімге қарасты білім мекемелеріндегі түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекемелердегі бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мекеме қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мекеме қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

4) Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

5) Мектепке 2019 жылдың 12 айында барлығы 163 өтініш-арыздар түсті. Оның 163-і жеке тұлғадан, заңды тұлғадан өтініш-арыздар жоқ. Мектепке түскен арыздарға үнемі уақытылы жауап беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мектепте стенд жасақталып, ілінген.

Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан білім бөлімінен келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылып тұр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталған. «Парасатты Азамат» бұрыштарының материалдары жоспарға сәйкес өзгертіліп тұрады.

Сонымен бірге, мектепте «сенім жәшігі» мен «сенім телефоны» жұмыс жасайды.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мектептің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мектептің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қорытынды:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020 16:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 16:06

Қаралым саны: 146