Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша талдау анықтамасы.

Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы мен Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы 28 желтоқсанындағы №97 бұйрығына сәйкес өткізді.

Бөлім өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді. Бөлімге қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі»). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті уәкілетті және нормалар анықталған жоқ.

2016 жылдың ІІ жартыжылдығында бөлімнің ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Бөлімнің штаттық саны 2016 жылғы ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша 5 бірлікті құрады. Бос орындар болған жоқ.

Бос лауазымдарға жалпы конкурс өткізілмеді. Ішкі конкурс болған жоқ. Кадрлардың ауысулары орын алған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мүдделі қақтығыстарды реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және бөлімнің кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111 баптарының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

3) рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2016 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысы бойынша көрнекі ақпаратқа байланысты жұмыстарды басты назарда ұстап, оларды үйлестіру бағытынды бөлім 400 жарнама нысанының көрнекі ақпараты мәтініне келісім берді.

Жоғарыда мазмұндалған негізде жұмыс тобы бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқ екендігі туралы шешімге келді.

Жұмыс тобының құрамы:
К.Кумарова
М.Даулетбаева
Ж.Мырзағалиева


Мақаланың шыққан күні:: 30.01.2017 11:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.01.2017 11:40