Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

«№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша 2019 жылдың Талдау анықтамасы

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Жүйе жұмысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жол бермеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алу.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, Авангард 3 мөлтек аудан, 47. Электронды пошта: sbc-1@ mail.ru, телефон нөмірі 8(7122)21-36-28

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі: 2019 жылдың қаңтар –желтоқсан аралығы.

І Ақпараттық- талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында мекеме директорының 2018 жылдың 18 қазандағы №41  бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдар, нормативтік-құқықтық актілер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мына бағыттар бойынша:

1. Қызметкерлердің ауысуы:

Штат бойынша қызметкерлер саны – 47. Нақты жұмыс жасайтындар – 50.

Өз еркімен жұмыстан босатылғандар – 12, оның ішінде зейнеткерлік жасы бойынша – 1, қабылданғандар – 12.

Өзге себептермен босатылғандар жоқ.

2. Бюджет қаржысының игерілуі;

Мекемеге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақтылы орындау актісіне сәйкес игерілуде.Мәслихат отырысына бюджеттік тапсырыстар беріліп, қаржыға қатысты мәселелер қаралуға ұсынылады.                                              

3. Мемлекеттік сатып алу бойынша;

«№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің «мемлекеттік сатып алу» порталындағы жұмысы заңға сәйкес өткізілуде.Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталды.

4. Рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру;

«№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің сотталмағандығы туралы анықтамалары жеке іс парағына тіркелген. Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын іске асыру мақсатында «№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар бойынша мынадай іс-шаралар қарастырылған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заң нормаларын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы көрме-бұрыштар ұйымдастыру, ақпарат сағаттарын өткізу. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өткізетін жемқорлыққа қарсы акцияларға қатысу.

«№1 ОКЖ» ММ-не қарасты кітапханаларда тұрақты көрме бұрышы жасақталып, ақпараттық сағаттар өтті.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында Астанада жүзеге асырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы оң тәжірибені барлық аймақтарда жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Осыған орай, барлық өңірлерде «Адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, Атырау облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту мақсатында құрылған жоба бойынша №1 қалалық орталық кітапханада да «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қала халқын, кітапхана оқырмандарын хабарландыру мен жемқорлық кезінде хабарлама жасау жолдары мен анықтамалар көрсетілген бетшелерінен бұрыштар жасақталды.

21 тамызда №1 қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №3 мектеп-гиманзиясының ұстаздарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлыққа жол берме» атты ақпараттық сағат өтті.

Шарада жемқорлыққа байланысты көптеген мәселелер талқыланып, ұстаздар өз ойларымен бөлісті. Шара мақсаты – «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды, оның пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз ісіңе адал, құқығыңа сенімді болсаң мемлекетіміздің дамуына көп үлес қосатындығымыз туралы әңгімелеу. Сонымен қатар, кітап көрмесі мен газет беттеріне шыққан мақалалар да таныстырылды.

№1 орталық балалар кітапханасы 12 қыркүйек күні №37 орта мектепте «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында құқықтық сағат өткізді.

Жасөспірім оқырмандар жемқорлық тақырыбында салған суреттерін өз түсініктерімен әңгімелеп берді. Сондай-ақ оларға күнделікті өмірде кездесіп жататын жемқорлық, парақорлық жөнінде көріністер айтылып, тақырыпқа сай жасөспірімдер де өз ойларын талқыға салды. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыс екенін, оны жасаудан аулақ болып, жаман әдеттерге үйір болмау жайында оқушыларға кеңінен ақпараттар берілді.

№1 орталық кітапхана 01 қарашада Атырау жоғары медицина колледжінде «Жемқорлыққа жол жоқ» атты хабарлама сағатын өткізді.

Студенттерге жемқорлықтың қоғамға, адам өміріне келтіретін залалы, маңызды дүниелердің, атап айтсақ, білім, адам денсаулығы, жұмысқа орналасу, түрлі қызмет көрсету сервистерінде болатын жағдайлар төңірегінде ақпараттар айтылып, студенттер ой-пікірі тыңдалды.

№8 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен 22 қарашада Атырау сервис колледжі студенттерінің қатысуымен «Пара беру қылмыс» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әңгіме-сұхбат өткізілді. Шара мақсаты жемқорлыққа қарсы күресу үшін өсіп келе жатқан жас ұрпақтың, халықтың көп жерлерде мәселе парамен шешіледі, белгілі бір процестің тез шешілуіне әсері зор деген пікірлерін, пайымын өзгерту, студенттерге бәсекеге қабілетті маман болу үшін жоғарғы кәсіби білім мен тәрбиенің ең маңызды екендігін түсіндіру.

03 қазанда №6 ауылдық кітапхана Ақсай ауылдық клубында «Жемқорлық – қоғам дерті» атты ақпарат сағатын өткізді.

Желтоқсан айында №5 қалалық кітапханада «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты кітап көрмесі жасақталып, №7 қалалық кітапханада «Пара нәсіп болмайды», №4 жылжымалы кітапхана АИГИ колледжінде «Параға емес, биікке ұмтыл» атты ақпарат сағаттарын өткізді.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жұмыс тобы жүйе бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 

Жұмыс тобының құрамы:

Х. Кулмухамбетова

Ж.Джемалова

Г. Сундетова


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 16:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 16:46

Қаралым саны: 212