Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Исатай аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың І жарты жылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне талдамалық анықтама

2019 жыл 19 шілде Аққыстау ауылы

 

«Исатай аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі №54А үй 1 қабат. Тел: 8-71-231-79-2-10, 79-2-09; e-mail: isatai.veterinaria@atyrau.gov.kz

Исатай аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге бөлім басшысының 2019 жылғы 12 шілдедегі «Исатай аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізу туралы» №34 бұйрығына сәйкес, жұмыс тобы құрылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, бөлім қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2019 жылдың 18-19 шілде аралығы.

Талданатын мерзім: 2019 жылдың І жарты жылдығы.

Талданатын объект туралы мәлімет:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

ҚР «Ветеринария туралы» Заңы;

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;

ҚР «Еңбек кодексі» Заңы.

«Исатай аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Атырау облысының әділет департаменті, Исатай ауданының әділет басқармасының 2010 жылғы 09 наурыздағы №139-1915-05 тіркелген ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Исатай аудандық ветеринария бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті аудан әкімінің қаулысымен бекітілген қосымшасына сәйкес.

Аудандық ветеринария бөлімінде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер бар, бос лауазымдық орын жоқ.

Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №7-1/418 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес «Исатай аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі және шаруашылық жүргізу құқығындағы «Исатай аудандық ветеринариялық станса» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетілетін 3 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі

1)«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау обьектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

2) «Ветеринариялық анықтама беру»

3) «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізу»

Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Исатай аудандық ветеринария бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдар

Жергілікті баспасөз басылымы беттеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы мақала жарияланды. (№17 (3917) 25.04.2019ж. «Нарын таңы» газеті)

Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Жұмыс тобы ұсыныс етеді: Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық бұзушылық нормалары анықталған жоқ. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының талаптары сақталуын қатаң басшылыққа алып, жұмысты жалғастыру.

 

 

Жұмыс тобы:

________________ З. Алмуратова

__________________ А. Шарипов

 

 

Келісілді:

Исатай аудандық ветеринария

бөлімі басшысы __________________ И. Мардашев


Мақаланың шыққан күні: 29.07.2019 14:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.07.2019 14:38

Қаралым саны: 717