Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.08.2020

Қызметтер

Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша талдау анықтамасы

Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – аппарат) сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығы және Ақсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 12 желтоқсандағы №92-ө өкімінде көрсетілген нормаларына сәйкес 2017 жылдың 15-22 желтоқсаны аралығында өткізілді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді, Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті уәкілетті және нормалар анықталған жоқ.

2017 жылдың ІІ жартыжылдығында аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2017 жылғы ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша 8 бірлікті құрайды. 2017 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша қала әкімі аппаратының бос (немесе уақытша бос) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс комиссия отырысының №174 хаттамасы негізінде әкім орынбасары штаты толықтырылды. Жыл басынан бері жетекші маманының штаты және ағымдағы жылдың 10 қарашасынан бастап негізгі қызметкерлердің бала күтіміне байланысты әлеуметтік демалыста болуына байланысты уақытша бос тұр.

ІІ жартыжылдықтың аяғында аппаратта қалалық әкімдігінің жалпы бөлім мамандарымен жеке және заңды тұлғаларың өтініштерін қарау тәртібіне, жалпы құжат айналым жүйесіне тексеру жұмыстарын жүргізілді. Тексеру жұмысының нәтижесі бойынша жыл басынан бері округ әкімінің жеке қабылдау кәртішкелерінің жүргізілмегендігі және мерзімі істен шыққан құжаттарды

мұрағатқа тапсыру немесе актпен жою жұмыстары жүргізілмегендігі анықталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мүдделі қақтығыстарды реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111-баптарының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

3) мемлекеттік қызмет көрсету:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін 29 анықтама берілді оның ішінде: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» қызметі бойынша 13 анықтама, «Соттылығының болуы немесе болмауы туралы» 5 анықтама, мекен-жай тіркелімі туралы 11 анықтама берілген. Көрсетілетін қызмет стандартқа сай жүргізіліп отыр.

4) рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2017 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысы бойынша Ақсай ауылдық округінен 78 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. 3 рет медециналық комиссиядан өтуге шақырту қағазын алған 8 азаматқа округке жауапты учаскелік полиция инспекторына табыс етіліп, олармен түсінік жұмыстарынан кейін медициналық тексеру комиссиясына жіберілді. Ақсай ауылдық округі бойынша күзгі әскерге шақырту бойынша 8 азамат әскер қатарына қосылды.

Жоғарыда мазмұндалған мәліметтер негізінде жұмыс тобы аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерінің жоқ екендігі туралы шешімге келді.

 

Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының

бас мамандары Б.Тұрмұхан

Р.Бисенова

Г.Азиркулова


Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 06:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2018 06:55

Қаралым саны: 1340