Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

«Атырау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша Талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына және Атырау қаласы әкімі аппараты басшысының 2017 жылғы 1 шелдедегі №41 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сай «Атырау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 1 және 38-баптарына сәйкес, әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.

Ішкі талдау мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне себеп болатын келесі жағдайлар анықталды:

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы 64-бабының 5-тармағына сәйкес жеке-дара қолданылатын құқықтық акт мынадай деректемелерді қамтуы тиіс: құқықтық актінің атауын; осы актінің қарау нысанасын білдіретін тақырыпты; актінің қабылданған жері мен күнін; тиісті актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) қолтаңбасын (қолтаңбаларын); Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, органның мөрін.

Осы заң талабына сілтеме жасай отырып, кейбір тұлғалар мен нотариалдық палаталар әкімдіктен құқықтық актілерді сұратқан кезде құқықтық актіні қабылдаған лауазымды тұлғаның қолтаңбасы жабылмаған және мөрмен куәләндырылған түрде талап етеді. Яғни, олардың уәждеріне сәйкес егер құқықтық акті лауазымды тұлғаның қолтаңбасы жабылған түрде көшірмеге түсіріліп берілсе, онда ол түпнұсқа болып есептелмейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулықтың 71-тармағына сәйкес Үкімет қаулылары адресаттарға тиісті бланкілерде орындалған, мөрмен куәландырылған көшірмелер түрінде ғана таратылады, ал олардың төлнұсқалары үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі №546 Қаулысымен бекітілген Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгi регламентiнің 28-тармағына сәйкес Аппарат әкімдік қаулыларының, әкім шешiмдерi мен өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн аппарат басшысы бекіткен жіберілімге сәйкес таратады. Әкiмдік қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары аппаратта сақталады. Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтiлетiн алушыларға таратылуы үшін жауапкершiлiк аппаратқа жүктеледi.

Қала әкімі және әкімдігімен қабылданған құқықтық актілер (мысалы жер мәселелері бойынша) жеке және заңды тұлғаларға берілген кезде құқықтық актіні қабылдаған лауазымды тұлғаның қолтаңбасы жауып көшірмеге түсіріледі де, тиісті мөрмен куәләндырылады.

Кейбір тұлғалармен осы мәселеге қатысты түсінішпеуліктер туып, келеңсіз жағдайлар орын алып жатады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе төмендегідей Ұсыныс береміз:

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңын мемлекеттік органдармен қабылданатын құқықтық актілердің рәсімделуімен қоса, олардың тарату әдісін көрсетіп толықтыруды.

ЕСКЕРТПЕ: ұсынысты тиісті уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті тарапынан беру ұсынылады.

Атырау қаласы әкімі
аппаратының мемлекеттік-құқықтық
жұмыс бөлімінің басшысы С.Нсанбаев

КЕЛІСІЛДІ:
П.Хасанов


Мақаланың шыққан күні:: 11.07.2017 02:57
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.07.2017 02:57