Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

«№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша 2019 жылғы Талдау анықтамасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12-бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, А.Байжігітова көшесі 66А электронды поштасы: atyrau2okzh@mail.ru, телефон номері 8 (7122) 51-56-54

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2019 жылдың қаңтар айынан – желтоқсан айы аралығы.

  1. Ақпараттық талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында «№2 қалалық ОКЖ» мемлекеттік мекеме басшысының 2017 жылдың 01 қарашасындағы №144-ші бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімінің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді басқа да құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2019 жылдың қаңтар - желтоқсан аралығында «№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1. Кадрлардың ауысуы: «№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекеме бойынша штатық кесте бойынша 53 бірлікті құрайды. Нақты жұмыс жасап жүргендер 53. Оның ішінде:

1,0 штаттық бірлікпен: 1 директор, 1 директор орынбасары, 1 есепші, 1 мемлекеттік сатып алу менеджері, 1 кадр, 5 бөлім меңгерушісі, 13 кітапхана филиалдарының меңгерушісі, 2 библиограф, 1 әдіскер, 9 кітапханашы, 3 күзетші, 1 суретші, 1 әкімшілік шаруашылық меңгерушісі, 2 еден жуушы, 1 жүйе технигі, 1 жүргізуші, 3 жеке жылу қондырғысының оператор.

0,5 штаттық бірлікпен 1 кітапханашы, 9 еден жуушы, 1 электрик, 1 жұмысшы.

Кадрлардың ауысуы: өз өтінішімен жұмыстан босатылған-14; қабылданған – 14; әлеуметтік демалысқа шыққан – 4; бос орын – жоқ.    

Жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылғандар - жоқ.

2. Бюджет қаржысын игеру.

«№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақтылы орындалу актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырысында қаржыға қатысты мәселелер қаралып қаражат бөлінген.

3. Мемлекеттік сатып алу;

«№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу порталында жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған медігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталады..

1) Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) «№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетпейді. Мәдени –ағартушылық жұмыстарын жүргізеді.

4. Рұхсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру.

2019 жылдың қаңтар айынан желтоқсанға дейін қорытындысы бойынша көрнекі ақпаратқа байланысты жұмыстарды басты назарда ұстап, оларды үйлестіру бағытында «№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты кітапханаларда 21 кітап көрмесі ұйымдастырылып, 2-дөңгелек үстел, 35 жарнама бетшелер орналастырылған.

Азаматтық қызметкерлер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған.

Жергілікті басылым беттерінде сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланбаған. Арыз-шағым жәшігі ілінбеген. Прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасының президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы №986 жарлығын іске асыру бойынша жылдық жоспарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «№2 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

Жұмыс тобының құрамы:

Г. Елемесова

С. Қонысбай  

А.Тұрғанова


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 16:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 16:50

Қаралым саны: 171