Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық анықтама

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінде штат бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, қазіргі таңда нақты 2 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды.

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің 2017 жылғы 07 маусымдағы №18 бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жауаптылық жүктелетін лауазымды тұлға: Ідірісов Айтқали – бөлім басшысы, жұмысшы топ төрағасы.

«Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі,27, тел: 8/71237/ 5-15-48, 5-14-57 орналасқан.

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінде 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша сынақ мерзіміндегі 1 мемлекеттік қызметкер өз еркімен (жазған өтініші негізінде) жұмыстан босатылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 7,8 баптарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, 2017 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын сақтау міндеттелген. 2017 жылдың 9 айында барлығы–68 бұйрық қабылданған.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін жасақталған жадынама бөлімнің ғимаратындағы көрінетін орынға ілініп, қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында «Жемқорлық жегі құрт» тақырыбында 50 жадынама таратылды. Бөлімнің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылды.

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Тоқсан сайын жұмысшы топ бөлім бойынша талдамалық жұмыс өткізу;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерін оқыту жүргізу.

 


Мақаланың шыққан күні: 09.10.2017 06:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.10.2017 06:20

Қаралым саны: 1025