Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жылыой ауданы Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық анықтама

«Жылыой ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20, тел: 8/71237/4-87-06, 4-86-54 орналасқан. Жылыой ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімінде штат бойынша 3 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды.

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Жылыой ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің 2016 жылғы 21 қазандағы №26 бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жауаптылық жүктелетін лауазымды тұлға: Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлы – бөлім басшысы, жұмысшы топ төрағасы, Мамбетиязов Ақан Аманжолұлы – бөлімнің бас маманы, жұмысшы топ мүшесі, Айтмұханова Асем Қуанышқызы – бөлімнің бас маманы, жұмысшы топ мүшесі.

4. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 7,8 баптарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, 2017 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 11 (он бір) өтініш келіп түсіп, олар кәсіпкерлік мақсатта жер алуға көмек көрсету, инфрақұрылым бойынша сұрақтар, мемлекеттен көрсетілетін қызметтер туралы өтініштер уақытылы қаралып, заң бойынша қанағаттандырылуда.

6. «Жас ұрпақты тәрбиелеу – жемқорлық дертінің алдын алады» тақырыбында жергілікті «Кең Жылой» газетінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі №38 санында мақала жарияланды.

7. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін жасақталған жадынама бөлімнің ғимаратындағы көрінетін орынға ілініп, қызметкерлер арасында «Жемқорлық қоғам дерті» атты 3 дөңгелек үстел өткізілді.

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары» және «Пара беру – бас бостандығынан және болашағынан айырады» тақырыптарында 65 жадынамалар таратылды. Бөлімнің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылды.

9. Жылыой ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

9.1. Тоқсан сайын жұмысшы топ бөлім бойынша талдамалық жұмыс өткізу;

9.2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің бағыты мен кезеңін қадағалап, мониторинг жасау.


Мақаланың шыққан күні: 05.10.2017 23:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.10.2017 23:55

Қаралым саны: 1050