Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

2018 жылдың IІ жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

І.Кіріспе.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Атырау қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, Р.Ғабдиев көшесі, 42. электронды пошта: Atyraugorstroy@yandex.ru, телефон нөмірі 8(7122) 50-85-81.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2018 жылдың ІI жартыжылдығы.

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлім басшысының 2018 жылдың 19 желтоқсанында №198 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша келесідей ақпаратты мәлімдейді.

2018 жылдың ІI жартыжылдығында құрылыс бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар қарастырылды:

1.Кадрлардың ауысуы;

Қала әкімінің 2018 жылғы 24 мамырдағы «Атырау қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы №1061 «Қалалық құрылыс бөлімінің құрылымын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №832 қаулысымен қалалық құрылыс бөлімінің құрылымы өзгертіліп, бөлімнің штат саны 18 бірлікті құрайды.

Қала әкімінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі «Балықшы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін тарату туралы» №517 қаулысы негізінде Балықшы ауылдық округі әкімдігінен қалалық құрылыс бөліміне 4 бірлікте бас маман жұмысқа қабылданды.

2018 жылдың ІI жартыжылдығында 8 лауазым бос орындары болды:

- бөлім басшысының орынбасары-1 бірлік;

- өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі-1 бірлік;

- жобалау-сметалық құжаттама секторының меңгерушісі мен бас маманы-2 бірлік;

- бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы-1 бірлік;

-уақытша бос тұрған бөлімнің бас маманы лауазымы – 3 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болуына байланысты).

Бос лауазым орындарына орналасуға ішкі конкурс өткізіліп, Атырау қаласы әкімі аппараты жанындағы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурс комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасы негізінде:

-бөлім басшысының орынбасары лауазымына Кумаров Асылан Жумабиденович/2018 жылғы 11 қазан №68 бұйрық/;

- бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы лауазымына- Капашев Ильяс Туремуратович /2018 жылғы 14 қыркүйек №61 бұйрық/;

- жобалау-сметалық құжаттама секторының бас маманы Ағыраева Гүлмайда Салтанатқызы / 2018 жылғы 26 қараша №78 бұйрық/;

- уақытша бос тұрған өндірістік-техникалық секторының бас маманы лауазымына Байзуллина Мәдина Ұзақбайқызы /2018 жылғы 17 қыркүйек №64 бұйрық/;

-уақытша бос тұрған мемлекеттік сатып алу және іс жүргізу секторының бас маманы лауазымына Алматова Гаухар Алматовна /2018 жылғы 14 қыркүйек №61 бұйрық/;

- Д.К.Жумашев 2018 жылдың 2018 жылғы 14 қыркүйек №63 бұйрықпен өндірісиік-техникалық секторының меңгерушісі лауазымынан босатылып, бөлім басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Өз еркімен атқарып отырған қызметінен босатылды:

-Өндірістік-техникалық секторының бас маманы К.Каукарова /2018 жылғы 11 шілде №30 бұйрық/;

-Бөлім басшысының орынбасары Е.Мусин/2018 жылғы 13 шілде №31 бұйрық;

-Өндірістік-техникалық секторының бас маманы Н.Байбусынова /2018 жылғы 25 тамыз №53 бұйрық/.

Бөлімнің барлық қызметкерлеріне өтініштеріне сәйкес кезекті еңбек демалыстары берілді.

Бөлім басшысы Т.Басаров және мемлекеттік сатып алу және іс жүргізу секторының меңгерушісі Р.Бощиев қызмет бабында іссапарға барды.

2.Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтің негізгі және әлеуметтік жағынан маңызды бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды:

1) 2018 жылдың 20 шілдесінде бөлім басшысы Т.Басаров «Алтын көпір» телебағдарламасы сұрақ-жауап сұхбат берілді.

2)Өндірістік-техникалық секторының бас маманы О.Хасанов «Балықшы кентіндегі жылу магистралі» жөнінде телеарнаға сұхбат берілді.

3)2018 жылдың 06 қарашасында бөлім басшысының орынбасары Д.Жумашев «Алтын көпір» телебағдарламасына құрылыс қарқыны жөнінде сұхбат берілді.

4)2018 жылы желтоқсан айында бөлім басшысының орынбасары А.Кумаров 2017-2018 жылғы құрылыстың атқарылған жұмыстары жөнінде телеарнаға ақпарат берілді.

3.Бюджет қаржысын игеру;

Бөлімге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.

4.Мемлекеттік сатып алу;

Бөлімнің негізгі қызметі қала аумағындағы бюджет қаржысына құрылыс нысандарын жүргізу мақсатында жүргізілетін мемлекеттік сатып алу жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталды.

1) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

3) бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;

Құрылыс бөлімінің барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, жауап беріліп, уақытылы ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына салыстыру актісі, қала әкімі аппаратына есеп тапсырылуда.

Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

2018 жылдың ІI жартыжылдығында бөлімде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ҚР ҚМ ІМАК Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тексерістер жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қалалық құрылыс бөлімінің 2017-2019 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарда мынадай іс-шаралар қарастырылған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, бөлімнің қызметіне қатысты заңдарды, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акцияларға және компанияларға қатысу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс материалдарға реакцияға мониторинг, бөлім қызметі туралы ақпаратты уақтылы сайтта орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы айдарларды жаңарту.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы мынадай тұжырымға келді, қалалық құрылыс бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 28.12.2018 17:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.12.2018 17:27

Қаралым саны: 939