Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

2017 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

І.Кіріспе.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Атырау қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі, 52 «А». электронды пошта: Atyraugorstroy@yandex.ru, телефон нөмірі 8(7122) 25-11-72.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2017 жылдың ІІ жартыжылдығы.

 

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлім басшысының 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы №85 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша келесідей ақпаратты мәлімдейді.

2017 жылдың ІІ жартыжылдығында құрылыс бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар қарастырылды:

1.Кадрлардың ауысуы;

Бөлімнің штат саны 13 бірлікті құрайды. 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында 5 лауазым бос орындары болды:

- бөлім басшысының орынбасары;

- өндірістік-техникалық секторының бас маманы;

- бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы;

- уақытша бос тұрған өндірістік-техникалық секторының бас маманы -2 бірлік (Г.А.Кубиеваның және А.Б.Серікбаеваның бала күтімі демалысында болуына байланысты).

Бөлім басшысы У.С.Камалов 2017 жылдың 3 қазанынан бастап атқарып отырған лауазымынан өз еркімен босатылып, бөлім басшысының уақытша міндетін атқару осы бөлім басшысының орынбасары Т.К.Басаровқа жүктелді.

Бос лауазым орындарына орналасуға ішкі конкурс өткізіліп, Атырау қаласы әкімі аппараты жанындағы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурс комиссиясының қорытынды отырысының 2017 жылғы 27 қазандағы №184 хатамасы негізінде Т.К.Басаров 2017 жылдың 30 қазанынан бастап бөлімі басшысының орынбасары лауазымынан босатылып, бөлім басшысы болып тағайындалды.

Бос лауазым орындарына жалпы конкурс өткізіліп, Атырау қаласы әкімі аппараты жанындағы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 2017 жылдың 17 қарашасындағы №211 хаттамасы негізінде бөлімнің уақытша бос тұрған (бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкер Г.А.Кубиеваның орнына) өндірістік-техникалық секторының бас маманы міндетін атқару үшін арнайы тексеруден өткенге дейін А.Е.Сисеновамен еңбек келісім шарты жасақталды.

Бөлімнің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Ш.У.Асабаева зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты және бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы С.Н.Сапаров өз еркімен атқарып отырған қызметінен босатылды.

Бөлімнің келесідей қызметкерлеріне арыздарына сәйкес кезекті еңбек демалыстары берілді: бөлім басшысының орынбасары Т.Басаров, өндірістік-техникалық секторының (ӨТС) бас маманы Б.Жолгуттиев, ӨТС бас маманы Ш.Асабаева, ӨТС бас маманы А.Серікбаева, ӨТС меңгерушісі Д.Жумашев, ӨТС бас маманы М.Кусаиын, ӨТС бас маманы К.Калимов.

ӨТС меңгерушісі Д.Жумашев, БЕ және ЕС бас маманы С.Сапаров қызмет бабында іссапарға барды.

2.Бюджет қаржысын игеру;

Бөлімге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.

3.Мемлекеттік сатып алу;

Бөлімнің негізгі қызметі қала аумағындағы бюджет қаржысына құрылыс нысандарын жүргізу мақсатында жүргізілетін мемлекеттік сатып алу жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталды.

1) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

3) бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;

Құрылыс бөлімінің барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, жауап беріліп, уақытылы ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына салыстыру актісі, қала әкімі аппаратына есеп тапсырылуда.

Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

2017 жылдың ІІ жартыжылдығында бөлімде Атырау облысы бойынша Ішкі Аудит департаментімен, Атырау қалалық прокуратурасымен және Атырау облысы бойынша комиссиясымен тексерістер жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қалалық құрылыс бөлімінің 2017-2019 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарда мынадай іс-шаралар қарастырылған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, бөлімнің қызметіне қатысты заңдарды, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акцияларға және компанияларға қатысу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс материалдарға реакцияға мониторинг, бөлім қызметі туралы ақпаратты уақтылы сайтта орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы айдарларды жаңарту.


Мақаланың шыққан күні: 26.12.2017 00:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 00:59

Қаралым саны: 1195