Array 2016 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.04.2017

Қызметтер

2016 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлім басшысының 2017 жылдың 5 қаңтарындағы №3 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2016 жылдың екінші жартыжылдықтағы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1.Кадрлардың ауысуы;

Бөлімнің штат саны 6 бірлікті құрайды.

Кадрлардың ауысуы - 1 бірлік (қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі бас маманы А.Д.Кенжегулованың бала күтімі бойынша демалысқа шығуына орай негізгі қызметкердің орнына қызметке Б.Б.Құмарғали қабылданған болатын);

2.Бюджет қаржысын игеру;

Бөлімге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.

3.Мемлекеттік сатып алу;

Бөлімде мемлекеттік сатып алу жұмыстары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес жүргізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталады.

1) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

3) бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, барлық өтініштерге жауаптар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңы негізінде жауап беріледі.

Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды.

Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарда мынадай іс-шаралар қарастырылған: сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама нормаларын, бөлімнің қызметіне қатысты заңдарды, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акцияларға және компанияларға қатысу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс материалдарға реакцияға мониторинг, бөлім қызметі туралы ақпаратты уақтылы сайтта орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттарды жаңарту.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі мен
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы


Мақаланың шыққан күні:: 26.01.2017 10:53
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.01.2017 10:53