Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

І.Кіріспе.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Атырау қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі, 52 «А». электронды пошта: Atyraugorstroy@yandex.ru, телефон нөмірі 8(7122) 25-11-72.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2018 жылдың І жартыжылдығы.

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлім басшысының 2018 жылдың 15 маусымындағы №71 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша келесідей ақпаратты мәлімдейді.

2018 жылдың І жартыжылдығында құрылыс бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар қарастырылды:

1.Кадрлардың ауысуы;

Бөлімнің штат саны 13 бірлікті құрайды. 2018 жылдың І жартыжылдығында 5 лауазым бос орындары болды:

- бөлім басшысының орынбасары;

- өндірістік-техникалық секторының бас маманы;

- бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы-2 бірлік;

- уақытша бос тұрған өндірістік-техникалық секторының бас маманы - 1 бірлік (А.Б.Серікбаеваның бала күтімі демалысында болуына байланысты).

Бос лауазым орындарына орналасуға ішкі конкурс өткізіліп, Атырау қаласы әкімі аппараты жанындағы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурс комиссиясының қорытынды

отырысының 2018 жылдың 03 қаңтардағы №1 хаттамасы негізінде Е.М.Мусин 2018 жылдың 04 қаңтарынан бастап бухгалтерлік есеп және есептеу секторының меңгерушісі лауазымынан босатылып, бөлім басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бос лауазым орындарына жалпы конкурс өткізіліп, Атырау қаласы әкімі аппараты жанындағы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 2018 жылдың 10 қаңтардағы №14 хаттамасы негізінде бөлімнің уақытша бос тұрған (бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкер А.Б.Серікбаеваның орнына) өндірістік-техникалық секторының бас маманы міндетін атқару үшін арнайы тексеруден өткенге дейін К.А.Каукаровамен және бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы лауазымына Е.Т.Балмухановпен еңбек келісім шарты жасақталып, кейіннен арнайы тексеруден өткеннен кейін мемлекеттік қызметке тағайындалды.

Атырау қаласы әкімі аппараты жанындағы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурс комиссиясының қорытынды отырысының 2018 жылдың 25 қаңтардағы №21 хатамасы негізінде Г.Д.Матжанова 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы лауазымынан босатылып, бухгалтерлік есеп және есептеу секторының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Бос лауазым орындарына жалпы конкурс өткізіліп, Атырау қаласы әкімі аппараты жанындағы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 2018 жылдың 11 сәуірдегі №87 хаттамасы негізінде бөлімнің өндірістік-техникалық секторының бас маманы міндетін атқару үшін арнайы тексеруден өткенге дейін Н.Е.Байбусыновамен еңбек келісім шарты жасақталып, кейіннен арнайы тексеруден өткеннен кейін мемлекеттік қызметке тағайындалды.

Бөлімнің бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы Е.Т.Балмуханов өз еркімен атқарып отырған қызметінен босатылды.

Бөлімнің келесідей қызметкерлеріне арыздарына сәйкес кезекті еңбек демалыстары берілді: бөлім басшысы Т.Басаров, өндірістік-техникалық секторының (ӨТС) бас маманы О.Хасанов және Б.Жолгуттиев, ӨТС меңгерушісі Д.Жумашев.

Бөлім басшысы Т.Басаров қызмет бабында іссапарға барды.

2.Бюджет қаржысын игеру;

Бөлімге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.

3.Мемлекеттік сатып алу;

Бөлімнің негізгі қызметі қала аумағындағы бюджет қаржысына құрылыс нысандарын жүргізу мақсатында жүргізілетін мемлекеттік сатып алу жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталды.

1) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

3) бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;

Құрылыс бөлімінің барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, жауап беріліп, уақытылы ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына салыстыру актісі, қала әкімі аппаратына есеп тапсырылуда. Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

2018 жылдың І жартыжылдығында бөлімде Атырау облысы бойынша Ішкі Аудит департаментімен, Атырау облысы прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен тексерістер жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қалалық құрылыс бөлімінің 2017-2019 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарда мынадай іс-шаралар қарастырылған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, бөлімнің қызметіне қатысты заңдарды, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акцияларға және компанияларға қатысу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс материалдарға реакцияға мониторинг, бөлім қызметі туралы ақпаратты уақтылы сайтта орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы айдарларды жаңарту.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы мынадай тұжырымға келді, қалалық құрылыс бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 21.06.2018 08:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2018 08:41

Қаралым саны: 1252