Array Атырау қалалық құрылыс бөлімінде 2016 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама  | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

Атырау қалалық құрылыс бөлімінде 2016 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

І.Кіріспе.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Атырау қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі 52 «А». электронды пошта: Atyraugorstroy@yandex.ru, телефон нөмірі 8(7122) 25-11-72.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2016 жылдың ІІ жартыжылдығы.

 

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлім басшысының 2016 жылдың 7 желтоқсанындағы №103 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2016 жылдың ІІ жартыжылдығында құрылыс бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1.Кадрлардың ауысуы;

Бөлімнің штат саны 13 бірлікті құрайды. 2016 жылдың ІІ жартыжылдығында 1 бос орын бар, бөлім басшысының орынбасары лауазымы.

Бос лауазым орындарына орналасуға ішкі және жалпы конкурс өткізілді.

Кадрлардың ауысуы - 1 бірлік (өндірістік-техникалық секторының бас маманы А.Б.Серікбаеваның бала күтімі демалысынан уақытынан бұрын шығуына байланысты негізгі қызметкердің орнына қызметке қабылданған Р.Ж.Мусагалиев жұмыстан босатылды);

2.Бюджет қаржысын игеру;

Бөлімге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.

3.Мемлекеттік сатып алу;

Бөлімнің негізгі қызметі қала аумағындағы бюджет қаржысына құрылыс нысандарын жүргізу мақсатында жүргізілетін мемлекеттік сатып алу жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталады.

1) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

3) бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;

Құрылыс бөлімінің барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, жауап беріліп, уақытылы ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына салыстыру актісі, қала әкімі аппаратына есеп тапсырылуда.

Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. Атырау облысы бойынша Ішкі Аудит департаментімен тексеріс жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қалалық құрылыс бөлімінің 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарда мынадай іс-шаралар қарастырылған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, бөлімнің қызметіне қатысты заңдарды, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акцияларға және компанияларға қатысу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс материалдарға реакцияға мониторинг, бөлім қызметі туралы ақпаратты уақтылы сайтта орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы айдарларды жаңарту.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы құрылыс бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні:: 03.02.2017 16:49
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.02.2017 16:49