Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.08.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы:

1) Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі;

2) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі;

3) Лицензиялау және аттестаттау бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

2.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: анықталмаған.

2.2. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

2.2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: болмаған.

2.2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу: болмаған.

2.2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету – лицензиялау және аттестаттау бөлімінің                2020 жылдың І тоқсанға (01.01.2020 ж. - 31.03.2020 ж.) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1) «Жобалау қызметіне лицензия беру» - берілгені 25, дәлелді жауап берілді 10;

2) «Іздестіру қызметіне лицензия беру» - берілгені 12, дәлелді жауап берілді 5;

3) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» - берілгені - 71, дәлелді жауап берілді - 45;      

4) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» - берілгені - 92, дәлелді жауап берілді - 81;

5) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» - берілгені 4, дәлелді жауап берілді 0;

2.2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру: Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің 2020 жылдың І тоқсанға (01.01.2020 ж. - 31.03.2020 ж.) құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы жөніндегі хабарлама берілген барлық саны – 143, оның ішінде қабылданғаны – 143, дәлелді жауап берілді – 67.

2.2.5. Бақылау функцияларын іске асыру:

1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің 2020 жылдың І тоқсанға  (01.01.2020 ж. - 31.03.2020 ж.) барлық тексерулер саны – 11, оның ішінде жоспардан тыс тексеру – 11; бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандар саны – 0;

Барлығы әкімшілік істердің қаралғаны – 6, барлығы әкімшілік айыппұлдар – 676005 теңгеге салынды;

2) Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің 2020 жылдың І тоқсанға (01.01.2020 ж. - 31.03.2020 ж.) барлық тексерулер саны – 1, оның ішінде жоспардан тыс тексеру – 0; бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандар саны – 1.

2.2.6. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: анықталмаған.

3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына сәйкес Басқармадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобы:

1) Шукралиева Ш.Б. – әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

2) Капанов Р.М. – мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы;

3) Нурбаев Т.М. – лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2020 жылдың І тоқсаны (01.01.2020 ж. - 31.03.2020 ж.).

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы:

Басқарма басшысы Жанахмет Аскар Жанахметулы (Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушының 09.01.2019 ж. №4-ө өкімі).

6. Мыналар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады:

6.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

6.1.1. Атырау облысының әкімдігінің 05.05.2017 ж. №100 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.2. Атырау облысының әкімдігінің 10.11.2017 ж. №291 «Атырау облысы әкімдігінің    2015 жылғы 16 қаңтардағы №6 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» және 2017 жылғы 14 наурыздағы №38 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №6 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.3. Атырау облысының әкімдігінің 10.11.2017 ж. №292 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысы бекітілді.

6.2. Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері: 2020 жылдың І тоқсаны (01.01.2020 ж. - 31.03.2020 ж.) кезеңінде анықталмады.

6.3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: қарастырылмаған.

6.4. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2020 жылы (01.01.2020 ж. - 31.03.2020 ж.) басқармаға барлығы 32 өтініштер келіп түсті, соның ішінде 32 өтініштерге тиісті жауаптары жолданды. Өтініштер бойынша сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері анықталмаған.

6.5. Прокурорлық қадағалау актілері: Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалау актілері келіп түспеген.

6.6. Сот актілері: 2020 жылдың І тоқсаны (01.01.2020 ж. - 31.03.2020 ж.) кезеңінде анықталмады.

6.7. Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер: 2020 жылдың І тоқсаны (01.01.2020 ж. - 31.03.2020 ж.) кезеңінде анықталмады.

 

 

Әкімшілік-құқықтық жұмыстар

бөлімінің басшысы                                      ______________ Шукралиева Ш.Б.

 

Мемлекеттік сәулет-құрылыс

инспекциясы бөлімінің басшысы           ______________ Капанов Р.М.

 

Лицензиялау және аттестаттау

бөлімінің басшысы                                     ______________ Нурбаев Т.М.


Мақаланың шыққан күні: 08.04.2020 18:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.04.2020 18:18

Қаралым саны: 231