Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.08.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы:

1) Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі;

2) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі;

3) Лицензиялау және аттестаттау бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

2.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: анықталмаған.

2.2. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

2.2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: болмаған.

2.2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу: болмаған.

2.2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету – лицензиялау және аттестаттау бөлімінің  2019 жылдың ІІІ тоқсанға (01.01.2019 ж. - 01.10.2019 ж.) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1) «Жобалау қызметіне лицензия беру» - берілгені 42, дәлелді жауап берілді 5;

2) «Іздестіру қызметіне лицензия беру» - берілгені 26, дәлелді жауап берілді 4;

3) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» - берілгені 159, дәлелді жауап берілді 41;      

4) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» - берілгені 137, дәлелді жауап берілді 138;

5) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» - берілгені 2, дәлелді жауап берілді 2;

2.2.4. Мемлекеттік қызмет көрсету – Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің 2019 жылдың ІІІ тоқсанға (01.01.2019 ж. - 01.10.2019 ж.) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» - берілгені 0, дәлелді жауап берілді 0;

2) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» - берілгені 0, дәлелді жауап берілді 0.

2.2.5. Рұқсат беру функцияларын іске асыру: Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің 2019 жылдың ІІІ тоқсанға (01.01.2019 ж. - 01.10.2019 ж.) құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы жөніндегі хабарлама берілген барлық саны – 818, оның ішінде қабылданғаны – 658, дәлелді жауап берілді – 166.

2.2.6. Бақылау функцияларын іске асыру:

1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің 2019 жылдың ІІІ тоқсанға  (01.01.2019 ж. - 01.10.2019 ж.) барлық тексерулер саны – 60, оның ішінде жоспардан тыс тексеру – 60; бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандар саны – 0;

2) Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің 2019 жылдың ІІІ тоқсанға (01.01.2019 ж. - 01.10.2019 ж.) барлық тексерулер саны – 184, оның ішінде жоспардан тыс тексеру – 0; бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандар саны – 184.

2.2.7. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: анықталмаған.

3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына сәйкес Басқармадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобы:

1) Шукралиева Ш.Б. – әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

2) Капанов Р.М. – мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы;

3) Нурбаев Т.М. – лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2019 жылдың  ІІІ тоқсаны (01.01.2019 ж. - 01.10.2019 ж.).

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы:

Басқарма басшысы Жанахмет Аскар Жанахметулы (Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушының 09.01.2019 ж. №4-ө өкімі).

6. Мыналар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады:

6.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

6.1.1. Атырау облысының әкімдігінің 16.01.2015 ж. №6 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысымен «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілді.

6.1.2. Атырау облысының әкімдігінің 17.07.2015 ж. №226 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілді:

«Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

«Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;   

«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

6.1.3. Атырау облысының әкімдігінің 24.05.2016 ж. №112 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» қаулысымен «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілді.

6.1.4. Атырау облысының әкімдігінің 20.09.2016 ж. №212 «Атырау облысы әкімдігінің  2015 жылғы 17 шілдедегі №226 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.5. Атырау облысының әкімдігінің 14.03.2017 ж. №38 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №6 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.6. Атырау облысының әкімдігінің 05.05.2017 ж. №100 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.7. Атырау облысының әкімдігінің 08.08.2017 ж. №206 «Атырау облысында үлестік құрылыс бойынша ведомствоаралық жұмыс комиссиясын құру туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.8. Атырау облысының әкімдігінің 10.11.2017 ж. №291 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №6 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» және 2017 жылғы 14 наурыздағы №38 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №6 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.9. Атырау облысының әкімдігінің 10.11.2017 ж. №292 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.10. Атырау облысының әкімдігінің 28.12.2017 ж. №357 «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.11. Атырау облысының әкімдігінің 28.12.2017 ж. №359 «Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы №112 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы бекітілді.

6.2. Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері:

13.02.2017 жылғы «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді және сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне жол беретін себептермен жағдайларды жою, сондай-ақ алдағы уақытта болдырмау мақсатындағы  іс-шаралар» жоспары бекітілген және 2017 жылдың І жартыжылдығында орындалды.

6.3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: қарастырылмаған.

6.4. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2019 жылы (01.01.2019 ж. - 01.10.2019 ж.) басқармаға барлығы 94 өтініштер келіп түсті, соның ішінде 79 өтініштерге тиісті жауаптары жолданды. Өтініштер бойынша сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері анықталмаған.

6.5. Прокурорлық қадағалау актілері: Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалау актілері келіп түспеген.

6.6. Сот актілері:

Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша сот актілері:

1. Атырау облысы Атырау қаласының №2 сотының 20.07.2018 ж. №1/419 үкімі негізінде Атырау облысының әкімінің 17.08.2018 ж. №236-ө өкіміне сәйкес басқарма басшысы  Р.М. Алипбаев;

2. Атырау облысы Атырау қаласының №2 сотының 19.07.2018 ж. №1-446/18 үкімі негізінде басқарманың 21.09.2018 ж. №75-жқ бұйрығына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы А.Ж. Омаркулов қызметтік міндетінен босатылды.

6.7. Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер:

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері бойынша:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің 27.06.2018 ж.    №7-3-1/1732 хаты (Представление по устранению обстоятельств, способствующих совершению преступления и других нарушений закона) негізінде және басқарманың 13.09.2018 ж. №72-жқ бұйрығына сәйкес лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы Р.М. Нурбаевқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза алынды.

 

 

Әкімшілік-құқықтық жұмыстар

бөлімінің басшысы                                     ______________ Шукралиева Ш.Б.

 

Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы

бөлімінің басшысы                                     ______________ Капанов Р.М.

 

Лицензиялау және аттестаттау

бөлімінің басшысы                                     ______________ Нурбаев Т.М.

      

 


Мақаланың шыққан күні: 17.10.2019 14:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.10.2019 15:28

Қаралым саны: 446