Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айы аралығындағы жұмыс кезеңіндегі қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы:

1) Қаржыландыру және әкімшілік басқару бөлімі;

2) Мемлекеттік қала құрылысы кадастры және бас жоспарларды іске асыру бөлімі;

3) Қала құрылысы жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру бөлімі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі:

Талданатын кезең: 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айы аралығы.

Басқармаға қарасты бағынысты мекеме жоқ.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

2.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: анықталмаған.

2.2. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

2.2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: 2019 жылы І жарты жылдың қорытындысымен Қаржыландыру және әкімшілік басқару бөлімінің басшысы Г.Қорқытова мен қала құрылысы жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ж.Дүзелбаев Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес өз еркімен қызметінен босатылды.

2.2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу: болмаған.

2.2.3. Басқарманың қызметі мен функционалдық міндетіне мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру және бақылау функциялары енгізілмеген.

2.2.4. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: анықталмаған.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы:

Басқарма басшысы Арыстанова Гүлбаршын Жолдасқызы (Атырау облысы әкімінің 11.07.2017 жылғы №206-ө өкімі).

4. Мыналар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады:

4.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

4.1.1. Атырау облысының әкімдігінің 27.12.2016 ж. №307 «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілді.

4.2. Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері:

3-17.09.2019 жыл аралығында Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің                 2018 жылдың қорытындысымен қаржылық есептілік аудиті, оның ішінде қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау және ҚР Заңнамаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізілді.      

4.3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: қарастырылмаған.

4.4. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2019 жылы (өсім бойынша) басқармаға барлығы 20 өтініштер келіп түсіп, тиісті жауаптары жолданды. Өтініштер бойынша сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері анықталмаған.

4.5. Прокурорлық қадағалау актілері: Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалау актілері келіп түспеген.

4.6. Сот актілері:

Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша сот актілері болған жоқ.

4.7. Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер:

Басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 10:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 10:50

Қаралым саны: 110