Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 2018 жылдың 20 маусым жағдайына талдамалық анықтамасы

І. Кіріспе.

Ішкі талдау объектісінің атауы: «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма).

Ішкі талдауды өткізудің негізі: Басқарма басшысы міндетін атқарушысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 140-НҚ бұйрығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың өткізу кезеңі: 2018 жылғы 19-22 маусым аралығы.

Талдау кезеңі: 2018 жылдың 1- жартыжылдығы.

ІІ. Басқарма қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма Атырау облысында мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Басқарма өз қызметін Атырау облысы Әділет департаментінің Атырау қаласы бойынша Әділет басқармасында 2014 жылғы 30 желтоқсанында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасының, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, өзге де нормативтік-құқықтық актілер мен Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.

Басқарманың миссиясы: Атырау облысының аумағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау. Басқарманың негізгі міндеті мемлекеттік сатып алу аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы мен Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымында №120 қаулысымен бекітілген жұмыстар мен қызметтердің тізімі негізінде жүзеге асырылады:

* жұмыстардың құндық мәндегі көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқанда бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жаңа құрылыстарды, ғимараттарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды құру (салу) не қолданыстағыларды реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу, аумақтарды абаттандыру;

* жұмыстардың құндық мәндегі көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқанда

жоба алды және (немесе) жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу;

* қызметтердің құндық мәндегі көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау).

Басқарма мемлекеттік сатып алуларды конкурс тәсілімен Тапсырыс берушілермен ұсынылатын бекітілген жылдық (алдын ала жылдық) жоспары негізінде жүзеге асырады.

2018 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Басқармамен жалпы сомасы 66 128 137,2 мың.теңге (алпыс алты миллиард жүз жиырма сегіз миллион жүз отыз жеті мың екі жүз) болатын конкурс тәсілімен 186 мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің хабарламасы негізінде конкурс тәсілімен жарияланған 4 мемлекеттік сатып алулар жойылып және 28 мемлекеттік сатып алулар қайта жариялданды.

Талдау барысында анықталғаны, Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен ұсынылған хабарламаларда негізгі бұзушылықтар жоспарлау және жылдық жоспарын бекіту кезінде жіберілген қателіктерге қатысты.

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылауы негізіндегі жіберілген хабарламада көрсетілген ескертулер, конкурстық рәсімдерді өткізу барысында жойылды, сондай-ақ аталған ескертулер Тапсырыс берушілерге техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде, инжинирингтік қызмет көрсету, сондай-ақ жоспарлау және жылдық жоспарын бекіткен кезде жұмыста пайдалану үшін жіберілді.

Осылайша, Тапсырыс берушілердің жылдық жоспарын жоспарлау мен техникалық ерекшеліктерін әзірлеу және бекіту кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі көрінеді.

Мемлекеттік даму бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру және бюджет қаражатын уақтылы игеру мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігіне және оны бақылауға байланысты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен жүргізілген талдау көрсеткендей, Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңғыртуға мұқтаж. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы енгізілген болатын (бұдан әрі - Заң жобасы).

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Басқарма Заң жобасына бірнеше рет ұсыныстар мен түзетулерді ұсынды.

Атап айтқанда, төмендегі мәселелер бойынша ұсыныстар жолданды:

* мемлекеттік сатып алу саласындағы жеңімпазды анықтау үшін өз қаражаты есебінен қатысатын өнім берушілерге жеңілдік беру арқылы қосымша критерийлерді енгізу туралы (03.04.2018 жылғы №34-01-5/2808);

* конкурстық рәсімдерді өткізбей жүргізілуі мүмкін мемлекеттік сатып алу параметрлерін көтеру мәселесі бойынша (03.04.2018 жылғы №34-01-5/2808);

* құны бойынша маңызды емес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуды жеңілдету мақсатында бір көзден мемлекеттік сатып алу шегін 100 АЕК-тен 500 АЕК-ке, ауылдық әкімдіктер үшін – 3 мың АЕК-ке ұлғайту және бір көзден мемлекеттік сатып алу үшін қолданыстағы 53 негізден 6 негізді алып тастау (06.06.2018 жылғы №34-01-5/4727);

* бір көзден сатып алу әдісімен мемлекеттік сатып алу үлесін қысқарту (06.06.2018 жылғы №34-01-5/4732);

* құрылыс саласында мемлекеттік сатып алулар өткізген кездегі жұмыс тәжірибесін есептелуі (04.05.2018 жылғы №34-04-3/98) т.с.с.

Бұдан басқа, Басқармамен мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысын жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныстар енгізілген болатын (14.02.2018 жылғы №34-04-3/37).

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларын дұрыс қолдану және түсіну мақсатында Басқармамен тұрақты негізде уәкілетті органдарға сұраныстар жолданып тұрады, бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді (28.02.2018 жылғы 34-04-3/46, 12.03.2018 жылғы 34-04-3/55, 03.04.2018 жылғы 34-04-3/75 ҚР ҚМ-не жолданған хаттар; 28.02.2018 жылғы 34-04-3/45 ҚР ИДМ-не жолданған хат; 03.04.2018 жылғы 34-04-3/74ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит Комитетіне жолданған хат; 01.03.2018 жылғы 34-04-3/50 ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Комитетіне жолданған хат).

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң пайда болуын болдырмау мақсатында, мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктілігін арттыруға көп назар аударылады.

Мәселен, 2018 жылдың наурыз айында мемлекеттік сатып алулардағы проблемалық мәселелер бойынша бірыңғай келісілген ұстанымды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұйымдастырған кеңеске Басқарманың бөлім басшылары жіберілді.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы білім деңгейін арттыру мақсатында «Электрондық мемлекеттік сатып алулар (жоспарлау, хабарландыруды жариялау, қорытындылау, электронды келісімшарт, өтініштерді қарастыру, келісімшарттарды орындау») тақырыбында ұйымдастырылған семинарға екі бас маман жіберілді.

Бұдан басқа, Басқарманың екі бас мамандары Қаржы және сатып алу академиясы ұйымдастырған семинарға заңнамадағы жаңалықтарды түсіндіру және электронды мемлекеттік сатып алу процесінде оларды қолданудың өзекті мәселелерін уақтылы жариялау мақсатында қатысты.

Қорытынды: Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Басқарма мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолданатындығына көз жеткізуге болады.

ІІІ. Басқарманың ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысушылығы мәселесі.

Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штат саны – 15 бірлікті құрайды, нақты саны – 12 адам бірлік, 3 бос лауазымдар: 2 лауазым тұрақты ( әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінде 2 бас маман), 1 лауазым уақытша бос (инфраструктураны дамыту бөлімі бас маман).

2018 жылдың 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша құқықтық және әкімшілік бөлімінің 1 бас маманы басқа мемлекеттік органға жұмысқа орналасуына байланысты ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 61-бабы, 1-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес, жұмыстан шығарылды. Бұл таза ауысушылық болып табылмайды.

Есептік кезеңде тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

Қорытынды: өткен және ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығын талдай келе, таза ауысушылық бөлігіне қатысты өз еркімен жұмыстан шығарылғандар жоқ деп қорытынды жасауға болады. Егер өткен жылы Басқарманың 3 мемлекеттік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған болса, ағымдағы жылы тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Бұл мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейінің айтарлықтай жоғарылағандығының белгісі.

3.2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Басқармада «Мүдделер қақтығысын» бақылау журналы жүргізіледі, Басқарма мамандарының жеке мүдделерімен, онда жеке мүдделері олардың қызметтік міндеттерін дұрыс орындамауға әкелуі мүмкін қарама-қайшылық тіркелген жоқ.

Басқармадағы мемлекеттік қызметшілерінің барлық жеке істеріне жақын туыстарының және жұбайларының бірлескен қызмет (жұмыстар) фактілерін анықтау мақсатында талдау жасалды. Нәтижесінде, мүдделер қақтығысын растайтын фактілер анықталмады.

3.3.Мемлекеттік қызмет көрсету.

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №267 қаулысымен бекітілген Басқарма ережесінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету Басқарма құзыретіне кірмейді.

3.4.Рұқсат беру қызметін іске асыру.

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №267 қаулысымен бекітілген Басқарма ережесінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету Басқарма құзыретіне кірмейді.

3.5.Бақылау қызметін іске асыру.

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №267 қаулысымен бекітілген Басқарма ережесінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету Басқарма құзыретіне кірмейді.

3.6.Басқарманың ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметінен туындайтын өзге да мәселелер

3.6.1.Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау.

Басқармада мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметшінің мәртебесімен байланысты шектеулер және Этикалық кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары қатаң сақталады.

3.6.2.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапасын қарау.

2018 жылдың I – жартыжылдық қорытындысы бойынша облыстық әкімдік аппаратынан жолданған заңды тұлғадан 1 өтініш келіп түсті. (10.05.2018 жылғы №ЗТ-Т-55облыс аппараты әкімдігі кеңсесінің шығыс хаты). Өтініштің мәні келесідей «АтырауТаймСтрой» ЖШС Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің заңсыз әрекеттеріне шағымданған. Шағымды қарау Басқарма құзыретіне кірмегендіктен, өтініш Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит Комитетіне жолданды (Басқарманың 15.05.2018 жылғы №ЗТ-Т-1 шығыс хаты).

3.6.3. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлер туралы сыни жарияланымдар болған жоқ.

4.Қорытынды бөлім.

2018 жылдың ІІ-жартыжылдығында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы дұрыс түсіну және қолдану тұрғысында тапсырыс берушілірдің құқықтық тәрбиесін арттыру жөніндегі шаралар өткізу ұсынылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мүмкіндігін жояды.

 

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу

Басқармасы құқықтық және

әкімшілік бөлімінің басшысы Кушаева Д.


Мақаланың шыққан күні: 22.06.2018 01:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.08.2018 11:31

Қаралым саны: 1348