Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 2019 жылдың 27 желтоқсан жағдайына талдамалық анықтамасы

І. Кіріспе.

Ішкі талдау объектісінің атауы: «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма).

Ішкі талдауды өткізудің негізі: Басқарма басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №410-НҚ бұйрығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізудің кезеңі: 2019 жылғы 23 желтоқсанынан бастап 2019 жылғы 27 желтоқсан аралығы.

Талдау кезеңі: 2019 жыл.

ІІ. Басқарма қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма Атырау облысында мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Басқарма өз қызметін Атырау облысы Әділет департаментінің Атырау қаласы бойынша Әділет басқармасында 2014 жылғы 30 желтоқсанында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасының, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, өзге де нормативтік-құқықтық актілер мен Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.

Басқарманың миссиясы: Атырау облысының аумағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру. Басқарманың негізгі міндеті мемлекеттік сатып алу аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы мен ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтосандағы №1127 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» бұйрығының (әрі қарай – Бұйрық) негізінде жүзеге асырылады.

Аталған Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне келесілер кіреді:

1. Тауарлар:

1.1. Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлар.

2. Жұмыстар:

2.1. Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын (2.2 және 2.3-тармақтарда көрсетілген жұмыстардан басқа) жұмыстар;

2.2. Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) техникалық-экономикалық негіздеме;

2.3. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау.

3. Көрсетілетін қызметтер:

3.1. Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару);

3.2. Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын (3.1-тармақта көзделген қызметтерді қоспағанда) қызметтер.

Басқарма мемлекеттік сатып алуларды конкурс тәсілімен тапсырыс берушілермен ұсынылатын бекітілген өтінімдерінің негізінде жүзеге асырады.

2019 жыл қорытындысы бойынша Басқармамен жалпы сомасы 171,4 млрд.тенге болатын конкурс тәсілімен 405 мемлекеттік сатып алулар жарияланды.

ІІІ. Басқарманың ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3.1. Персоналды басқару.

3.1.1. Штаттың саны.

Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны – 15 бірлікті құрайды, нақты саны – 12 бірлік. 3 бос орын бар: инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы – 2 бірлік және әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің бас маманы – 1 бірлік.

3.1.2. Кадр ауысушылығы.

2019 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 61-бабы, 1-тармағы, 1-тармақшасының негізінде 4 мемлекеттік қызметші өз еріктерімен жұмыстан босатылды:

1. А.Т.Баймагамбетова – Басқарма басшысы (№196-ө 20.06.2019ж);

2. А.А.Батырова – әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің басшысы (№127-ЖҚ 03.06.2019ж);

3. Р.Н.Қуанышбай - әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің бас маманы (№41-ЖҚ 22.07.2019ж);

4. Б.Е.Еркалиев - әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің бас маманы (№17-ЖҚ 09.04.2019ж).

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2016 жылғы 13 шілдедегі №41-10.30-15 тапсырмасының негізінде, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет жүйесінен кетулерінің себептеріне талдау жасау мақсатында, жұмыстан шыққан әрбір мемлекеттік қызметшімен жұмыстан шығудағы сұхбаттар толтырылған болатын. Толтырылған жұмыстан шығудағы сұхбаттарға жасалған талдау нәтижесінде, 3 мемлекеттік қызметші жұмыстан шығудың басты себебі ретінде жеке секторға жұмысқа орналасуын көрсеткен, ал 1 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтегі жалақының төмендігімен түсіндірген.

3.1.3. Бос лауазымдарға орналасуға өткізілген конкурстар.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс.

"Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының (әрі қарай – Қағидалар) 2-тарауы, 6.1-тармағына сәйкес 2019 жылы Басқармада осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында 3 ішкі конкурс өткізілді:

1. Әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің басшысы.

Бос лауазым 04.06.2019жылдан бастап А.Батырованың өз еркімен босатылуына байланысты пайда болды(№27-ЖҚ 03.06.2019ж). Конкурс өткізу туралы хабарландыру 12.06.2019ж жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 13, 14, 17 маусым күндері. 18.06.2019 жылғы №1 үміткерлерді әңгімелесуге жіберу хаттамасының негізінде 1 үміткер әңгімелесуге жіберілді. 24.06.2019 жылы әңгімелесу өткізілді. 25.06.2019 жылғы №2 қорытынды хаттамасының негізінде лауазымға Н.Назаргалиева тағайындалды.

2. Басшы орынбасары.

Бос лауазым 17.07.2019 жылдан бастап А.Жубаналиеваның Басқарма басшысы лауазымына тағайындалуына байланысты пайда болды (№228-ө 16.07.2019ж). Конкурс өткізу туралы хабарландыру 26.07.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 29, 30, 31 шілде күндері. 01.08.2019 жылғы №3 үміткерлерді әңгімелесуге жіберу хаттамасының негізінде 1 үміткер әңгімелесуге жіберілді. 02.08.2019 жылы әңгімелесу өткізілді. 02.08.2019 жылғы №4 қорытынды хаттамасының негізінде лауазымға Г.Джалмуканова тағайындалды.

3. Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы.

Бос лауазым 05.08.2019 жылдан бастап Г.Джалмуканованың Басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты пайда болды (№49-ЖҚ 02.08.2019ж). Конкурс өткізу туралы хабарландыру 15.08.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 16, 19, 20 тамыз күндері. 21.08.2019 жылғы №6 үміткерлерді әңгімелесуге жіберу хаттамасының негізінде 1 үміткер әңгімелесуге жіберілді. 22.08.2019 жылы әңгімелесу өткізілді. 23.08.2019 жылғы №7 қорытынды хаттамасының негізінде лауазымға Б.Сабырғалиева тағайындалды.

Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, «конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады».

Осылайша, осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы өткізілген 3 ішкі конкурсқа 5 байқаушы қатысты, олардың ішінен 2 байқаушы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері.

Жалпы конкурстар.

1. Әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің бас маманы.

Бос лауазым 13.05.2019 жылы бастап Б.Еркаливтың өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты пайда болды (№17-ЖҚ 09.04.2019ж). Конкурс өткізу туралы хабарландыру 05.08.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14 тамыз күндері. 15.08.2019 жылғы №5 хаттамасының негізінде үміткерлердің жоқтығы себепті конкурс өтпеді деп танылды.

Аталған бос лауазым бойынша екінші хабарландыру 24.09.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 25, 26, 27, 30 қыркүйек және 1, 2, 3 қазан күндері. 04.10.2019 жылғы №8 үміткерлерді әңгімелесуге жіберу хаттамасының негізінде 1 үміткер әңгімелесуге жіберілді (Л.Дайрова). 07.10.2019 жылы әңгімелесу өткізілді. 08.10.2019 жылғы №10 қорытынды хаттамасының негізінде үміткердің әңгімелесуге дайындықсыз келуі себепті бос лауазымға қабылдамау туралы шешім қабылданды.

Аталған бос лауазым бойынша үшінші хабарландыру 31.10.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 1, 4, 5, 6, 7, 8, 11 қараша күндері. 12.11.2019 жылғы №11 үміткерлерді әңгімелесуге жіберу хаттамасының негізінде 1 үміткер әңгімелесуге жіберілді (М.Бағытжанова). 13.11.2019 жылы әңгімелесу өткізілді. 14.11.2019 жылғы №13 қорытынды хаттамасының негізінде М.Бағытжанованы жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылданды.

2. Әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің бас маманы.

Бос лауазым 26.06.2019 жылдан бастап Н.Назаргалиеваның әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалуына байланысты пайда болды (№34-ЖҚ 25.06.2019ж). Конкурс өткізу туралы хабарландыру 05.08.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14 тамыз күндері. 15.08.2019 жылғы №5 хаттамасының негізінде үміткерлердің жоқтығы себепті конкурс өтпеді деп танылды.

Аталған бос лауазым бойынша екінші хабарландыру 24.09.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 25, 26, 27, 30 қыркүйек және 1, 2, 3 қазан күндері. 08.10.2019 жылғы №10 хаттамасының негізінде үміткерлердің жоқтығы себепті конкурс өтпеді деп танылды.

Аталған бос лауазым бойынша үшінші хабарландыру 31.10.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 1, 4, 5, 6, 7, 8, 11 қараша күндері. 12.11.2019 жылғы №11 үміткерлерді әңгімелесуге жіберу хаттамасының негізінде 1 үміткер әңгімелесуге жіберілді (А.Сапаргалиева). 13.11.2019 жылы әңгімелесу өткізілді. 14.11.2019 жылғы №13 қорытынды

хаттамасының негізінде А.Сапаргалиеваны жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылданды.

3. Әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің бас маманы.

Бос лауазым 23.07.2019ж бастап Р.Қуанышбайдың өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты пайда болды( №42-ЖҚ 22.07.2019ж). Конкурс өткізу туралы хабарландыру 05.08.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14 тамыз күндері. 15.08.2019 жылғы №5 хаттамасының негізінде үміткер М.Абдешевамен тапсырылған құжаттардың толық емес болуына байланысты өтпеді деп танылды.

Аталған бос лауазым бойынша екінші хабарландыру 24.09.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 25, 26, 27, 30 қыркүйек және 1, 2, 3 қазан күндері. 08.10.2019 жылғы №10 хаттамасының негізінде үміткерлердің жоқтығы себепті конкурс өтпеді деп танылды.

Аталған бос лауазым бойынша үшінші хабарландыру 31.10.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 1, 4, 5, 6, 7, 8, 11 қараша күндері. 12.11.2019 жылғы №11 үміткерлерді әңгімелесуге жіберу хаттамасының негізінде 1 үміткер әңгімелесуге жіберілді (А.Умбетжан). Әңгімелесу 13.11.2019 жыл күніне белгіленді. 14.11.2019 жылғы №13 хаттамасының негізінде үміткердің әңгімелесуге келмеуі себепті конкурс өтпеді деп танылды.

4. Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы.

Бос лауазым 26.07.2019 жылдан бастап Б.Бектемировтың өзге мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналауына байланысты пайда болды( №43-ЖҚ 25.07.2019ж). Конкурс өткізу туралы хабарландыру 05.08.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14 тамыз күндері. 15.08.2019 жылғы №5 хаттамасының негізінде үміткер М.Абдешевамен тапсырылған құжаттардың толық емес болуына байланысты өтпеді деп танылды.

Аталған бос лауазым бойынша екінші хабарландыру 24.09.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 25, 26, 27, 30 қыркүйек және 1, 2, 3 қазан күндері. 04.10.2019 жылғы №8 үміткерлерді әңгімелесуге жіберу хаттамасының негізінде 1 үміткер әңгімелесуге жіберілді (Л.Дайрова). 07.10.2019 жылы әңгімелесу өткізілді. 08.10.2019 жылғы №10 қорытынды хаттамасының негізінде үміткердің әңгімелесуге дайындықсыз келуі себепті бос лауазымға қабылдамау туралы шешім қабылданды.

Аталған бос лауазым бойынша үшінші хабарландыру 31.10.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 1, 4, 5, 6, 7, 8, 11 қараша күндері. Үміткерлердің жоқтығы себепті конкурс өтпеді деп танылды.

5. Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы.

Бос лауазым 27.08.2019 жылдан бастап Б.Сабырғалиеваның инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалуына байланысты пайда болды (№56-ЖҚ 23.08.2019ж). Конкурс өткізу туралы хабарландыру 24.09.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 25, 26, 27, 30 қыркүйек және 1, 2, 3 қазан күндері. Үміткерлердің жоқтығы себепті конкурс өтпеді деп танылды.

Аталған бос лауазым бойынша екінші хабарландыру 31.10.2019 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 1, 4, 5, 6, 7, 8, 11 қараша күндері. 12.11.2019 жылғы №11 үміткерлерді әңгімелесуге жіберу хаттамасының негізінде 1 үміткер әңгімелесуге жіберілді (А.Умбетжан). Әңгімелесу 13.11.2019 жыл күніне белгіленді. 14.11.2019 жылғы №13 хаттамасының негізінде үміткердің әңгімелесуге келмеуі себепті конкурс өтпеді деп танылды.

Жалпы алғанда, есепті кезеңде Басқарма штатын толтыру мақсатында 5 бас маманның бос лауазымдары бойынша 14 хабарландыру жарияланды. Олардың ішінде 9 хабарландыру қайталама жарияланды.

Қағидалардың 25-тармағының негізінде конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, оның отырысына 2 байқаушы қатысқан болатын.

Есепті кезеңде өткізілген жалпы конкурстар бойынша әлеуметтік нысандарды дамыту бөлімінің бас маманы (2 бірлік) лауазымына үміткерлер М.Бағытжанова мен А.Сапаргалиева қабылданды. Үш бос лауазым бойынша конкурстар 2020 жылы жарияланатын болады.

3.1.4. Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған шаралар.

Мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тапсырыс берушілерді таныстыру мақсатында 28.06.2019 жылы Басқармамен Құрмаңғазы атындағы мәдениет үйінде шара ұйымдастырылған болатын. Шараға Атырау қаласы және облыстың 7 ауданы бойынша тапсырыс берушілер мен оларға бағынышты мекемелердің өкілдері қатысты. Шараға шақырылғандардың саны 220 адамнан асты. Шара барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген жаңалықтармен таныс болды. Атап айтқанда, 2019 жылғы 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген жаңалықтар түсіндірілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы секілді жаңа біліктілік талабы қойылады. Бұдан өзге, әлеуетті өнім берушілер тарапынан жалған ақпараттың ұсынылуын болдырмау мақсатында, жұмыс тәжірибесін растайтын «Электрондық депозитарий» функционалы енгізілді. Тапсырыс берушілер ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтосандағы №1127 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» бұйрығымен таныс болды. Сонымен қатар, тапсырыс берушілер типтік үлгідегі келісім шарттардың жаңа үлгісімен, біліктілік туралы ақпараттың жаңа үлгісімен және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге демпинг бөлігіндегі енгізілген өзгерістермен таныс болды.

Бұдан өзге, слайдтар арқылы «Мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау» және «Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарымен жұмыс» сияқты тақырыптар түсіндірілді.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері тараптарынан бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану барысында кемшіліктерді болдырмау мақсатында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының өкілі шақыртылды.

23.10.2019 жылы Басқармамен осы бағытта екінші шара ұйымдастырылды. Шараға 250-ден астам адам қатысты.

Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен түсіндіру мақсатында шараға өзге уәкілетті мекемелердің өкілдері шақырылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері есепті кезеңнің 9 айы ішінде атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасап, камералды бақылау барысында жиі кездесетін кемшіліктермен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алулардағы қазынашылық сүйемелдеу туралы айтты.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы мемлекеттік сатып алу саласында пайдаланылатын стандарттардың дұрыс қолданылуы туралы баяндама жасады.

Бұдан өзге, шара барысында қатысушылар индустриалды сертификатты алу талаптарымен, бюджеттің төртінші деңгейін жүзеге асыру мәселелерімен, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алу Заңнамасының талаптарын бұзудың салдарымен таныс болды.

Шараның нәтижесінде қатысушылар өдерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап ала алды.

3.1.5. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау

2019 жылға арналған жоспарға сәйкес қайта даярлауға – 1 маман, біліктілік арттыруға – 5 маман жатты.

Жоспарға сәйкес 1 маман қайта даярлау курстарынан оқытылып, жоспар орындалды. Біліктілік арттыру курстарынан – 3 маман оқытылды.

Біліктілік арттыру бойынша жоспардың орындалмауы 1 маманның өз еркімен жұмыстан босатылуымен және 1 маманның бөлім басшысы болып тағайындалуымен түсіндіріледі.

Бұдан өзге, А.Жубаналиева ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында (09-11.04.2019ж) Астана қаласында «Мемлекеттік сектордағы тиімділікті басқару» тақырыбында біліктілік арттыру курстарында оқытылған болатын.

3.1.6 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесінің деңгейін арттыру.

2019 жылдың 17 қаңтарында Басқармамен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің түрлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша қолданылатын шаралар талқыланды. Бұдан басқа, басқарманың мемлекеттік қызметкерлеріне қоғамдық бақылау картасының жобасы ұсынылды. Дөңгелек үстел соңында басқарманың мемлекеттік қызметкерлері дөңгелек үстел тақырыбы аясында өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алып, " Сыбайлас жемқорлықтың алдын алайық!" атты бейнероликті талқылады.

2019 жылдың 25 шілдесінде ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін түсіндіру мақсатында Басқармамен дңгелек үстел ұйымдастырылды. Талқылау барысында мемлекеттік қызметкерлердің жалпы мінез-құлқының стандарттарына ерекше көңіл бөлінді. Оның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуі.

2019 жылғы 20 қыркүйекте Басқарманың мемлекеттік қызметшілері "Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қоры жүргізген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайына мониторинг жүргізу нәтижелерін талқылады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және парасаттылық пен адалдық сияқты қасиеттерді дамыту мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында барлық мемлекеттік мекемелер мен еңбек ұжымдарында "адалдық сағатын" өткізу жоспарланған болатын.

2019 жылдың 15 қазанында Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау Басқармасымен бірлесіп осы іс-шараны кеңінен насихаттау мақсатында "Атырау адалдық алаңы" жобалау кеңсесінің басшысы Адиева Альфия Даулетқалиевнаның қатысуымен "адалдық сағатын" өткізді.

2019 жылдың 21 қарашасында Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымы Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ф. Т. Ахметовамен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелері талқыланды. Оның ішінде жалпы мінез-құлық стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қарым-қатынастағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында сөз сөйлеумен байланысты, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында мінез-құлық стандарттары талқыланды.

Бұдан басқа, Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.Т.Ахметова Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені түсіндірді. Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымына Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары және Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру түсіндірілді.

Еңбек тәртібі бойынша нормалардың бұзылуын анықтау мақсатында басқармада мемлекеттік қызметкерлер арасында анонимді сауалнама жүргізілді.

2019 жылдың ақпан айында жұмыс регламентін сақтау және негізсіз артық жұмыс жасауды болдырмау бойынша сауалнама жүргізілді.

2019 жылдың тамыз айында басшылықтың әдептілігіне қанағаттанушылық деңгейін талдау мақсатында сауалнама жүргізілді.

2019 жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша сауалнама жүргізілді.

Жалпы, сауалнаманың нәтижелеріне сәйкес басқарудағы моральдық-этикалық ахуал тұрақты, Этикалық кодекс нормаларын бұзу фактілері болған жоқ. Басқармада мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметші мәртебесімен байланысты шектеулер сақталады, Этикалық кодекс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады.

3.2 Сот процестері

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 2 бабы, 1 тармағына сәйкес, анық емес ақпарат – әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімінде қамтылған, сол сияқты әлеуетті өнім берушінің берілген өтінімінің шынайы мазмұнын бұрмалайтын және шындығына сәйкес келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер.

Сонымен қатар, аталған Заңның 11 бабы, 1 тармағына сәйкес, біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген Заң нормаларын басшылыққа ала отырып, Басқармамен 2019 жылдың басынан бастап анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы 22 талап арыз берілді.

Оның ішінде 12 талап арыз қанағаттандырылды, нәтижесінде 10 әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылып, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілді. 2 талап арыз бойынша жауапкер тарапынан аппеляциялық шағым берілді, қазіргі таңда іс қарау сатысында.

Басқарманың әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз қатысушы деп тану туралы 10 талап арызы бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылды. Қанағаттандырудан бас тартқан 1 талап бойынша басқарма аппеляциялық шағым берді. Бірінші сот отырысы 2019 жылдың 12 желтоқсанында өтті, келесі сот отырысы 2020 жылдың 09 қаңтарына белгіленді. 1 талап бойынша сот шешімі шығарылмаған.

Бұдан басқа, есепті кезеңде Басқарма сот отырыстарына үшінші тұлға ретінде 1 рет, жауапкер ретінде 4 рет қатысты. Басқарма жауапкер болған барлық азаматтық істердің ішінен, 2 іс талапкердің істерді қараусыз кері қайтару туралы арыздарының негізінде тоқтатылды. 1 азаматтық іс бойынша іс жүргізу азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпауына байланысты тоқтатылды. 1 азаматтық іс бойынша іс қарау сатысында. Басқарма жауапкер ретінде қатысқан 2 азаматтық іс бойынша, талапкердің талап арызды қайтарып алуына байланысты азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 1 азаматтық іс бойынша іс жүргізу азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпауына байланысты тоқтатылды. 1 азаматтық іс бойынша іс қарау сатысында.

3.3.Мүдделер қақтығысын реттеу

Есеп беру кезеңінде Басқарма мамандарының жеке мүдделері арасындағы қарама-қайшылық, жеке мүдделері олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соқтыруы мүмкін болған жағдайлар тіркелген жоқ.

Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлескен қызмет (жұмыс) фактілерін анықтау мақсатында Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің барлық жеке істері талданды. Нәтижесінде, мүдделер қақтығысын растайтын фактілер анықталған жоқ.

3.4.Мемлекеттік қызмет көрсету.

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №267 қаулысымен бекітілген Басқарма ережесі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету Басқарманың құзыретіне кірмейді.

3.5. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №267 қаулысымен бекітілген Басқарма ережесі негізінде рұқсат беру функцияларын іске асыру Басқарманың құзыретіне кірмейді.

3.6. Бақылау функцияларын іске асыру.

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №267 қаулысымен бекітілген ережесі негізінде бақылау функцияларын іске асыру Басқарма құзыретіне кірмейді.

3.7. Басқарманың ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

3.7.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 20 өтініш түсті, оның ішінде: заңды тұлғалардан 19 өтініш, жеке тұлғалардан 1 өтініш.

Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 10 ұсыныс, 9 арыз, 1 шағым.

18 өтініш қаралды, оның ішінде: 11 өтініш бойынша өтініштердің мәні бойынша түсініктемелер берілді, 7 өтініш қанағаттандырылды.

2 өтініш ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармағына сәйкес жолданды, себебі осы өтініштерді қарау Басқарманың құзыретіне кірмейді.

Есепті кезеңде қайта түскен өтініштер болған жоқ.

Азаматтарды және заңды тұлғаларды қабылдау кестесіне сәйкес басқарма басшысы апта сайын әр сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін қабылдау жүргізеді, басшының орынбасары апта сайын бейсенбі күндері сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін қабылдау жүргізеді. Қабылдауға жазылу күн сайын жүргізіледі. Есепті кезеңде басқарма басшылығының қабылдауына келгісі келетін азаматтар мен заңды тұлғалар болған жоқ.

3.7.2. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Басқарма қызметкерлері туралы БАҚ-та сыни жарияланымдар болған жоқ.

4.Қорытынды бөлім.

Басқармада басқарма басшысының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі №344-НҚ бұйрығының негізінде құрылған конкурстық комиссия жұмыс жасайды. Конкурстық комиссия конкурстарға қатысатын үміткерлердің құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап үміткерлермен әңгімелесу жүргізеді.

Конкурстық комиссиямен өткізілген әрбір әңгімелесуге байқаушылар қатыстырылады. Осылайша, конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігі қамтамасыз етіледі. Бұдан өзге, кейбір әңгімелесулерге мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті орган өкілдері де қатысты.

Есепті кезеңге конкурстық комиссия жұмысына қатысты ескертулер болмады.

Басқармаға түскен барлық өтініштер ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының талаптарының қатаң қадағалануымен қаралған.

Кадрлық құжаттама толығымен «Е-қызмет» жүйесі арқылы жүзеге асырылады. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің кадрлық потенциялы болып табылады. Аталған жүйені енгізу персоналды басқару процессін жетілдіруге және дамытуға мүмкіндік берді. Бос лауазымдар бойынша барлық хабарландыруларды орналастырудан бастап конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткерлерді жұмысқа қабылдау рәсіміне дейін толығымен «Е-қызмет» жүйесінде жүргізіледі. Есепті кезеңге «Е-қызмет» жүйесіне 71 бұйрық тіркелген.

Мемлекеттік сатып алу саласында кәсіби білім мен практикалық тәжірибе алу мақсатында 2020 жылдың 1-жартыжылдығында Басқарманың 2 бас маманын ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тағылымдамаға жолдау жоспарланып отыр. Аталған бағыттағы жұмыс 2020 жылдың 2-жартыжылдығында да жалғасын табатын болады.

Тәртіптік немесе әкімшілік сипаттағы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық этикасын жетілдіру мақсатында жұмыстарды жалғастыру ұсынылады.


Мақаланың шыққан күні: 08.01.2020 10:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2020 10:30

Қаралым саны: 269