Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

«№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың қаңтар – маусым айлары аралығындағы жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жүйе жұмысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жол бермеу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдауда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алу.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, Авангард 3 мөлтек аудан, 47. Электронды пошта: sbc-1@ mail.ru, телефон нөмірі 8(7122)21-36-28

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: басталды 03.01.2018, аяқталды 20.06.2018.

4. Бақыланатын кезең: 2018 жылдың қаңтар – маусым аралығы.

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында мекеме директорының 2017 жылдың 1 қарашадағы № 39 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының өз қызметінде басшылыққа алынатын Заңдар, нормативтік-құқықтық актілер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мына бағыттар бойынша:

1. Қызметкерлердің ауысуы:

Штат бойынша қызметкерлер саны – 46. Нақты жұмыс жасайтындар – 50.

Өз еркімен жұмыстан босатылғандар – 6 , қабылданғандар – 4. Бос орын – 1,5

Өзге себептермен босатылғандар жоқ.

2. Бюджет қаржысының игерілуі;

Мекемеге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақтылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Мәслихат отырысына

бюджеттік тапсырыстар беріліп, қаржыға қатысты мәселелер қаралуға ұсынылады.

3. Мемлекеттік сатып алу бойынша;

«№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің «мемлекеттік сатып алу» порталындағы жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталады.

1) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

4. Рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру;

«№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің сотталмағандығы туралы анықтамалары жеке іс парағына тіркелген. Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

ІІІ.Қорытынды бөлім

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын іске асыру мақсатында «№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар бойынша мынадай іс-шаралар қарастырылған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заң нормаларын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы көрме-бұрыштар ұйымдастыру, ақпарат сағаттарын өткізу. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өткізетін жемқорлыққа қарсы акцияларға қатысу,

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жұмыс тобы жүйе бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 

Жұмыс тобының құрамы:

Х. Кулмухамбетова

Г. Курманбаева

Г. Сүндетова


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 00:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 00:42

Қаралым саны: 1165