Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Атырау облыcы Жылыой ауданы Экономика және қаржы бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімінде штат бойынша 11 мемлекеттік қызметкер, қазіргі таңда нақты 8 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды.

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі 3 сектордан тұрады, оның ішінде:

1. Бөлім басшысы – 1;

2. Бөлім басшысының орынбасары – 1;

3. Бюджет секторы – 1 меңгеруші, 2 бас маман;

4. Экономика және бухгалтерлік есеп секторы – 1 меңгеруші, 1 маман;

5. Коммуналдық мүлікті басқару секторы – 1 меңгеруші.

 

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №37-нқ бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жауаптылық жүктелетін лауазымды тұлға: Дюсупова Жанар Амангелдіқызы – бөлім басшысы, жұмысшы топтың төрағасы.

«Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» ММ, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20, тел: 8/71237/ 51063, 51809;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7,8 баптарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 2017 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 2 (екі) өтініш келіп түсті, олар:

1. баспана мәселесі туралы («Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша) – 1 арыз;

2. басқа да мәселелер бойынша – 1 арыз.

«Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келіп түскен арыз-шағымдар уақытылы қаралып, көрсетілген бағыттары бойынша қанағаттандырылуда.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ауылдық елді

мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мамандар біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін экономика және қаржы бөліміне мемлекеттік қызмет бойынша түскен 6 өтінім қаралып, барлығы да қанағаттандырылды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әр маманға 70 еселік айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни әр маманға 158 830 теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі орналастырылды.

«Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру – бас бостандығынан және болашағынан айырады» тақырыптарында 72 жадынамалар таратылды.

2017 жылы жоспарға сәйкес тоқсан сайын бөлімде мемлекеттік қызметкерлер арасында, мынандай тақырыптарда дөңгелек үстел өткізілді:

1. 24 наурызында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

2. 26 маусымында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр адамның парызы»

3. 29 қыркүйегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – әрекет ету».

Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімінде 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 1 мемлекеттік қызметкер өз еркімен (жазған өтініші негізінде) жұмыстан босатылды.

1 мемлекеттік қызметкерге, 2017 жылдың 12 ақпан №25 – т/ж Елеусіз тұрған тәртіптік теріс қылық жасап, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін бекіту жөнінде аудан әкімдігінің қаулысында қателіктер жібергені үшін бөлімнің экономика және бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі Айрақбаева Айнамкөз Таженбайқызына ескерту түріндегі жаза қолданылған болатын.

Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын сақтау міндеттелген. 2017 жылдың 1 қазан айына бөлімде барлық 74 бұйрық шықты.

Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Тоқсан сайын жұмысшы топ секторлар бойынша талдамалық жұмыс өткізу;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерін оқыту жүргізу.


Мақаланың шыққан күні: 04.10.2017 01:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2017 01:17

Қаралым саны: 1112