Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорынның 2019 жылда атқарылған жұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды-қазыналық кәсіпорынның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасын 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды - қазыналық кәсіпорны. Мекен жайы: Атырау қаласы, Жұмыскер селосы, Ш.Абишев көшесі №97 «а» үй. Электронды пошта: zhumyskerdk018@mail.ru,  телефондар нөмірлері 8/7122/23-61-36, 23-63-48, 23-60-36.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2019 жыл.

I. Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу құрылғын жұмыс тобымен жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы мекеменің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді басқа да құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқылады.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2019 жылы мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

2.Кадрлардың ауысуы;

Мекемеде штат саны 51 бірлікті құрайды. Нақты жұмыс жасайтындар                       47 жұмыскер, соның ішінде жоғары білімді мамандар-18, соның ішінде жоғары-кәсіптік білімді мамандар-11, шығармашылық, мәдениет саласында 7-еу. Арнаулы-орта білімді-8, орта білімді - 21 қызметкер еңбек етеді.

Атырау қаласы әкімі А.Құттұмұрат-ұлының 2019 жылғы 3 қазандағы №2268 «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты кейбір мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру туралы Қаулысына және «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 ж. 6 қарашадағы №60 бұйрығына сәйкес мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Жұмыскер мәдениет үйі» және «Құрманғазы атындағы мәдениет Сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды 2020 жылдан бастап біріктірілді. Осыған байланысты оңтайландыру процесі жүріп 51 бірлік штат бірлігі 42-ге қысқартылды. Яғни, екі кәсіпорындағы бірін-бірі қайталайтын қызметтер лауазымдары, яғни директордың орынбасары, есепші, кадр маманы, экономист, заң қызметкері, аудармашы сияқты лауазымдар қысқартылды. Оның ішінде директордың орынбасары, экономист қызметтері бос жұмыс орны болатын. Бұдан басқа лауазымдары қысқартуға жататын қызметкерлерге «Құрманғазы атындағы мәдениет Сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты филиалдан және ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып қызметкерлерге басқа жұмыс орындары ұсынылып әрі қарай жұмыс істеуге өз келісімдері алынды. Лауазымдар саны ҚР Мәдениет және спорт министрі бекіткен мәдениет мекемелерінің типтік мемлекеттік нормативі шеңберінде жасалды. Осы орайда қызметкерлер тарапынан түсінбеушілік, еңбек қатынастары, заң мекемелеріне шағым болған жоқ. Оңтайландыру шаралары заң шеңберінде жүргізілді.

Кадрлардың ішкі ауысуы – 4 бірлік, өз еркімен жұмыстан босатылған - 2, қабылданған -2. Жағымсыз себептер бойынша жұмыстан босатылғандар жоқ.

Бекітілген кестеге сәйкес барлық қызметкерлерге кезекті еңбек демалысы берілді. 2019 ж. бойы бірде-бір қызметкерге тәртіптік жаза қолданылған жоқ. Қызметкерлерден қызмет бабында түскен өтініштер уақытында қаралды.

2. Бюджет қаржысын игеру:

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды-қазыналық кәсіпорнына 2019 жылға бөлінген қаражат жергілікті бюджеттен-43275 000 (қырық үш миллион екі жүз жетпіс бес мың) теңге және республикалық бюджеттен – 11 238 000 (он бір миллион екі жүз отыз сегіз мың) теңгені құрады. Барлығы- 54 513 000 (елу төрт миллион бес жүз он үш мың) теңге бөлініп, ай сайынғы қаржыландыру жоспары негізінде жұмсалды. Жыл басынан бастап қызметкерлерге еңбекақы төленді. Еңбекақы бойынша зейнетақы жарнасы, табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемдері төленді. Қызметкерлердің сот орындаушыларынан Атырау облысы 02.03.2018 жылы және Атырау облысы 06.03.2018 жылы келіп түскен қаулы негізінде алименттер ұсталынып аударылды.

3. Мемлекеттік сатып алу бойынша:

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды – қазыналық кәсіпорынның мемлекеттік сатып алулар жөнінде 2019 жылғы жоспарына сәйкес жыл ішінде төмендегі қызметтер жасалды:

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес бір көзден «Атырау -Аман» мен келісім-шарт жасақталып 263 570 (екі жүз алпыс үш мың бес жүз жетпіс) теңгеге қызметкерлерге берілетін кеңсе тауарларды және ғимараттың ішкі тазалығы үшін пайдаланылатын шаруашылық тауарлар сатып алынды.

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес, бір көзден «Есдаулетов» пен келісім-шарт жасақталып 99100 (тоқсан тоғыз мың бір жүз) теңгеге ғимараттың ішкі тазалығы үшін пайдаланылатын шаруашылық тауарлар сатып алынды.

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес, бір көзден АҚ«Стройметалл» мен келісім-шарт жасақталып, 50000(елу мың) теңгеге ғимараттың сыртқы алаңына қатты қоқыс салатын контейнер сатып алынды.

2019 жылға бекітілген жоспарға сәйкес «Парус-Каз.Бюджет» бағдарламасының қызмет көрсетуі сатып алынды.

Жоспарға сәйкес, «Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес бір көзден ЖК«Сариев» пен келісім-шарт жасақталып, 30000(отыз мың) теңгеге генератор сатып алынды.

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес бір көзден ЖШС«Мирхат» пен келісім-шарт жасақталып, 99000,18(тоқсан тоғыз мың онсегіз тиын)теңгеге өрт сөндіргіш құралдары сатып алынды.

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес бір көзден ЖК«Амир» мен келісім-шарт жасақталып, 8000(сегіз мың)теңгеге құлаққап (наушник) сатып алынды.

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес бір көзден ЖК«АқСәуле» мен келісім-шарт жасақталып, 73000(жетпіс үш мың)теңгеге Елтаңба (латын әріптерімен жазылған) сатып алынды.

4.Мәдени-демалыс қызметі бойынша;

Халықтың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Жұмыскер мәдениет үйінде 2019 – жылдың жоспарлы және жоспардан тыс бірнеше мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: Мемлекеттік бағдарлама бойынша, кәсіби мерекелерге арналған шаралар, атаулы мерекелер,ұлттық салт-дәстүр, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шарасы, балалар мен жастар арасында түрлі байқаулар мен сайыстар, «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы мақсатында»және жастар мен балалардың жазғы демалысын тйімді пайдалану мақсатында кинофильмдер мен мультфильмдер көрсетіліп, оған барлығы 9620 көрермен қатысты. Жалпы осы бағытта бір жылда өткен мәдени іс – шаралар саны 75.

Жұмыскер мәдениет үйі ғимаратының ішкі–сыртқы жақтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы әртүрлі көрнекі құралдар ілініп, веб-сайттарға жарияланып басшылықтың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді және бұл жұмыс ұдайы бақылауда болады.

 Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 

Жұмыс тобының құрамы:

____________ Э.Мухиденова

____________ К.Губашева

____________А.Хамитова

____________ М.Елемесов

____________М.Бозова

 

МКҚК «Жұмыскер

мәдениет үйі»

директоры  А.Жахиев

Бас есепші А.Омарова


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 16:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 16:58

Қаралым саны: 219