Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

2018 жылдың ІІ-жартыжылдығына «Индер аудандық білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпарат

«Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30А тел: 8(71234) 2-04-20, 2-12-34;

Аудандық білім бөлімі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы мен аудандық білім бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу бөлім басшысының «Ішкі талдау жұмыстарын жүргізетін жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы: әкімшілік бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы;

2) «Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

Персоналды басқару қызметі

Әкімшілік бөлімінің құрылымы: бөлім басшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі, кадр мәселелері жөніндегі бас маман.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар – жарты жыл сайын жергілікті «Дендер» газетіне бөлімнің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тұрғындарды қабылдау кестесі, сенім телефон нөмірлері жариялан

қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

Жеке және заңды өтініштері туралы ақпарат

2018 жылы аудандық білім бөліміне 28 арыз-шағым түсті. Барлығы жеке және заңды тұлғалардан. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өтініштер уақытылы қаралды.

Прокурорлық қадағалау және сот актілері орын алған жоқ.

Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2018 жылғы 2 шілде және 3 желтоқсан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы – Шакимов Берік Жеңісұлы.

Есептік кезеңіңде, 2018 жылғы 2 шілде айынан 1 желтоқсан айы аралығында 1 қызметкер жұмыстан босатылды, жұмыстан босатылған маман сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ. Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 11:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 11:55

Қаралым саны: 722