Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Бөлім) құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Спорт мектебі).

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) Спорт мектебінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Спорт мектебінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Бөлімнің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №37 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жыл.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Сарбасов Жандарбек Абдрахимұлы – Бөлім басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.

Спорт мектебі өз қызметін аудан әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы №31 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Спорт мектебі өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі №228 – V Заңын басшылыққа алады.

Спорт мектебінің жалпы штат саны 35, жаттықтырушылар – 14, қызметшілер - 21.

Мүдделер қақтығысы бойынша 2 (екі) факті орын алды.

Яғни, Спорт мектебінің шаруашылық жөніндегі меңгерушісі К.Ескариев 3 (үш) сағаттан астам уақыт жұмыста болмағаны үшін жұмыстан босатылған. Алайда, Мақат аудандық сотының 2019 жылғы 05 маусымдағы №2352-19-00-

2/106 шешімімен К.Ескариев бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастырылып, лажсыз бос жүрген күндеріне еңбекақысы өндірілді.

Мақат аудандық сотының 2019 жылғы 05 наурыздағы №2352-19-2-1/4 үкімімен Спорт мектебінің директоры Н.Тулегенов лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, қызметтік жалғандық жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігінің 3) тармағында, 369 бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетті жасауда кінәлі деп танылып, лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығы шектелді. Осы қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жөнінде Спорт мектебінің қызметкерлерімен жиналыс өткізіліп, аталған құқық бұзушылықтарға, қылмыстарға жол бермеу қажеттігі қызметкерлерге қатаң ескертілді.

Бөлім басшысының 3.04.2019 жылғы №43 бұйрығымен Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры лауазымына А.Джугинисов қабылданды.

Мектепте тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған. Күні бүгінге дейін ешқандай арыз – шағымдар, ұсыныс – пікір түскен жоқ. Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Мектепте спорттың 7 түрінен 656 бала спортпен тегін шұғылданады.

Күнтізбелік жоспар бойынша жарыстар өткізіледі және аудан спортшыларының Республикамыздың басқа аудан, қалаларында өткізілетін жарыстарға белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.

2019 жылы Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне 60 млн 649 мың теңге қаржы бөлінген. Соның ішінде:

1. 3 млн 739 мың теңгеге спорттық товарлар және спорттық киімдер алынды.

2. Жаттықтырушылардың өзгеде қалаларға жарысқа шығуына және іштегі қызметкерлердің іс-сапар шығындарына: 6 млн 615 мың теңге қаражат бөлінген.

Соның ішінде: жаттықтырушыларға өзгеде қалаларға жарысқа шығуға 5 млн 643 мың 884 теңге қажат бөлініп 27 жарысқа қатысты.

Іштегі қызметкерлер іс-сапарға шығуға: 971 мың 116 теңге қаржы бөлінген.

3. Іштегі өткізілген жарыстарға: 492 мың теңге қаржы бөлініп 5 жарыс өткізілді. Қаржылар толықтай игерілді.

Спорт мектебінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде 2 (екі) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық

өкілеттік пен нормалар анықталып, барлығы заңнама аясында қалпына келтірілді.


Мақаланың шыққан күні: 12.05.2020 15:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.05.2020 15:00

Қаралым саны: 57