Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

2019 жылда «Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпараты

Индер аудандық ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы                            19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес «Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылында                       сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі-мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-3 бірлікті құрайды, оның нақты саны-3 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 2 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы,   басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде 1 бірлік бөлім басшысы және 2 бірлік бас маман болды. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бөлімде арыз-шағым жәшігі орнатылып мекемеде көрнекі жерге орнатылып, 2-00-27 сенім телефоны орнатылған.

Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар және қаржылық тәртіпті сақтау, соның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен ұйымдастырылуы бағытында заң бұзушылық фактілері болған жоқ. Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың тексеруі тіркелген жоқ.

«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы;

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 заңы;

         «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №121 қаулысы;

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы №483-IV заңы;

«Жарнама туралы» ҚР 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 заңы;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №95-ІV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс жасайды.

«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев көшесі №18г, тел:8(71234) 2-05-24, 2-00-27;


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 18:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 18:14

Қаралым саны: 166