Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

2019 жылда «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпараты

Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылында   сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі-мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-2 бірлікті құрайды. Жыл сайынғы еңбек демалысына –2 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы,  басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде 1 бірлік бөлім басшысы және 1 бірлік бас маман, 1 есепші,       1 автокөлік жүргізушісі қызмет атқарады. Бөлім басшысы Тілепқалиева Жеміс Базарғалиқызы аудан әкімінің 2010 жылғы 01 қарашадағы №160-к өкімімен тағайындалды. Бөлімнің бас маманы Хасанова Алтын бөлім басшысының 2014 жылғы 25 қарашадағы №169 бұйрығымен тағайындалды. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекті орынға орнатылып, 2-11-36 сенім телефоны орнатылған.

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады.

Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар және қаржылық тәртіпті сақтау, соның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен ұйымдастырылуы бағытында заң бұзушылық фактілері болған жоқ. Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың тексеруі тіркелген жоқ.

«Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы                          15 желтоқсандағы Заңы;

         -«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика   мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-Ү Заңы;

-«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы;

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс жасайды.

«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі,30/8, тел.: 8 (71234) 2-11-36, 2-11-99;


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 16:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 16:33

Қаралым саны: 179