Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

2019 жылға арналған «Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпарат

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №332 қаулысымен бекітілген «Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес атқарады. Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінде 2019 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны - 4 бірлікті құрайды, оның нақты саны да - 4 бірлік.

Атап айтсақ, 1 басшы, 3 бас маман қызмет атқарады. Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы мен бөлімнің бас мамандары Ш.Габбасов, А.Алтаева және Н.Кусайнова өз қызметтерін атқарды. Жыл сайынғы еңбек демалысына барлық мемлекеттік қызметкерлер уақытылы жіберіледі.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы,   басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ. Бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде 1 бірлік басшы және 3 бірлік бас маман болды. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 18:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 18:38

Қаралым саны: 226