Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

2018 жылдың ІІ жартыжылдығына «Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпарат

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №332 қаулысымен бекітілген «Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес атқарады. Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны - 4 бірлікті құрайды, оның нақты саны да - 4 бірлік.

Атап айтсақ, 1 басшы, 1 сектор меңгерушісі және 2 бас маман қызмет атқарады. Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы тағайындалды. Бөлімнің сектор меңгерушісі Ш.Габбасов, бас мамандары А.Алтаева және А.Жолдасқалиева қызметтерін атқарады. Жыл сайынғы еңбек демалысына барлық мемлекеттік қызметкерлер жіберіледі.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы,басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ. Бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде 1 бірлік басшы, 1 бірлік сектор меңгерушісі және 2 бірлік бас маман болды. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданады:

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №319 бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №281 бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» №529 бұйрығы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс жасайды.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:

1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» бойынша 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында барлығы 83 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» бойынша 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3. 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» бойынша 84 нысанға қызмет көрсетілді.

4. «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» және «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтері бойынша 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында ешқандай өтініш түскен жоқ.

5. 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында заңды және жеке тұлғалардан 38 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді.

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар үнемі жарияланып тұрады.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерге орнатылған.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стендтер жасақталып, көрнекті жерге ілінді. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз!», «Параға емес, биікке ұмтыл» атты жадынамалар ілінді.

Баннер, бильбордтар орнатылды. Есептік кезеңде Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

«Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі №30/8, тел: 8 (71234) 2-17-68;


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 11:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 11:54

Қаралым саны: 805