Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

2018 жылдың ІІ-жартыжылдығына «Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпарат

Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінде бүгінгі таңда 5 қызметкер жұмыс жасайды. Атап айтсақ, 1 басшы, 1 бас маман, 1 есепші, 1 маман, 1 жүргізуші.

«Индер аудандық кәсіптерлік және туризм бөлімі» ММ

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30/9 тел:8(71234) 2-13-70, 2-13-71;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2)Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Аудандық бөлім қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 тамыздағы №181 «Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта тіркеу туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 2 бірлікті құрайды. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375 «Кәсіпкерлік кодексі»;

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы қаулысы

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған. Ай сайын бөлімде комиссия құрылып, акт жасақталып жәшік тексеріліп арыз-шағым жоқ екендігі анықталды. 2-13-70 сенім телефоны орнатылған. Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз», «Міндетіміз ортақ жемқорлықсыз болашақ», «Параға алсаң жазаланасың», «Пара берме, алма» атты жадынамалар ілінді. Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Есептік кезеңде Бөлімнің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Жоғарыда айтылғандай, Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 11:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 11:54

Қаралым саны: 665