Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.08.2020

Қызметтер

2018 жылдың І-жартыжылдығына«Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпарат

Индербор кенті әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Индербор кенті әкімінің аппараты өз қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №311 «Индербор кенті әкімінің аппараты туралы Ережені бекіту және қайта тіркеу туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес Индербор кенті әкімінің аппараты-мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың І-жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Индербор кенті әкімінің аппараты-мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-12 бірлікті құрайды, оның нақты саны-10 бірлік.

Атап айтсақ, 1 басшы, 1 басшының орынбасары және 8 бас маман қызмет атқарады. Индербор кенті әкімінің міндетін атқарушы Тұрабаев Рулан Жамбылұлы аудан әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы №46-к өкімімен тағайындалды. Индербор кенті әкімінің орынбасары Кадыров Ербол Айткалиевич кент әкімінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы №220 өкімімен қызметіне тағайындалды. Аппаратың бас мамандары А.Габдуллин, М.Нугманов, Г.Ибрашева, А.Хамзина, Э.Саркенова, Э.Уразбаева, Е.Осипян және Е.Сыралиев қызметтерін атқарады, бос орын-2 бірлік бас маман-есепші мен бас маманның орындары. Жыл сайынғы еңбек демалысына бас мамандардың барлығы жіберіледі.

«Кенттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде аппаратта 1 бірлік кент әкімінің міндетін атқарушы 1 бірлік кент әкімінің орынбасары және 8 бірлік бас маман болды. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

 Индербор кенті әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375 «Кәсіпкерлік кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №95-ІV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 329 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 93 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив

құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс жасайды.

 Аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:

 1.«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» бойынша 2018 жылдың І-жартыжылдығында барлығы 232 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» бойынша 2018 жылдың І-жартыжылдығында мемлекеттік қызмет алынған жоқ.

3.2018 жылдың І-жартыжылдығында заңды және жеке тұлғалардың 67 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді.

Жергілікті басылымға аппараттың қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерге орнатылып, 2-09-97 сенім телефоны орнатылған.

Аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стенд жасақталып, көрнекті жерге ілінді. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау » атты жадынамалар ілінді.

Баннер, бильбордтар орнатылды. Есептік кезеңде Индербор кенті әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

«Индербор кенті әкімінің аппараты» ММ


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018 05:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 05:54

Қаралым саны: 1183