Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

2019 жылда Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпараты

Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2019 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша штатық саны -41 бірлікті құрайды, оның нақты саны-41 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына –41 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

«Кітапхананың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшысымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ, кітапхана қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде кітапханаларда 1 директор және 27 шығармашылық маман қызмет етеді. Мамандардан шағым түскен жоқ.

2019 жылы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі 13 кітапхана бөлімшелерінде 912 шара өтіп, көрермен саны 19892, кітапханаға келушілердің саны 69071 мың адам, кітап берілімі саны -217052, кітап қоры барлығы-209262, оқырмандар саны 12100 адам қамтылды.

2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа байлансты аудандық, Барлаушы Бөдене, Құрылыс, Аққала, Есбол, Ынтымақ, Өрлік, Көктоғай ауылдық кітапханаларында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» атты кітап көрмелері, «Жемқорлықсыз қоғам-ел дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел, «Жемқорлықты жеңетін күш-бірлік» атты ақпараттық сағат, «Сыбайлас жемқорлық қоғамдық дерт « атты кітап көрмесі, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты сұрақ-жауап кештері, «Сыбайлас жемқорлық сенің өміріңе балта шабады» атты пікір алмасу кештері ұйымдастырылды.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы;

-Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы және де басқа да нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс жасайды.

«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не қарасты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі 47, тел.: 8 (71234) 2-11-0


Мақаланың шыққан күні: 30.01.2020 17:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2020 17:31

Қаралым саны: 161