Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Кудряшов ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтежелерінен талдамалық АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде Кудряшов ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2017 жылғы 10 ай.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы № 527 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Тексеру кезінде Кудряшов ауылдық округ әкім аппаратында штатық саны – 6 бірлікті құрайды. Жыл сайынғы еңбек демалысына 10 ай ішінде 6 мемлекеттік қызметкер еңбек демалысына жіберілді. Кадрлар тұрақсыздығы жоқ. 2017 жылғы шілде айында аттестаттау нәтижелері бойынша Кудряшов ауылдық округ әкімі аппаратының барлық қызметкерлері лауазымдарына лайық деп танылды.

Кудряшов ауылдық округі өз қызметін атқаруда:

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Округ әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2. «Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру»;

Кудряшов ауылдық округі әкім аппаратына жеке тұлғалардан 2017 жылдың 10 ай ішінде 50 өтініш келіп түсіп, 14 жеке тұлғаға түсінік беріліп, 36 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 56- шешім, 84- өкім қабылданды.Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында, округте 3-26-90 сенім телефоны жұмыс жасайды. Әкімшілік ғимаратында, жеке және заңды

тұлғалардың арыз мен шағымдарына арналған пошта жәшігі орналастырылған.

Ауылдық округ әкім аппараты жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметі саласына қатысты әлеуметтік сала, тұрғын үй құрылысы мен жолдар, көліктік қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, еңбек қатынастары, азаматтық қорғау, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, экономика және қаржы, мемлекеттік сатып алулар, және т. б. жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару салаларына талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтежесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болмағандығы анықталды. Сонымен қатар жүргізілген талдау нәтижесі бойынша Кудряшов ауылдық округ әкім аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық оңқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ. Округ әкім аппараты қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ. «Кудряшов ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 23:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 23:31

Қаралым саны: 907