Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Мақат аудандық білім беру бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама

«Мақат аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 47, тел: 8/71239/3-23-91;

1) Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлім.

Мақат аудандық білім беру бөлімі (ары қарай білім бөлімі) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 02 мамырдағы қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық білім беру бөлімінің ережесіне» сәйкес жүзеге асырады.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық акт бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық білім беру бөлімінің штатында 4 мемлекеттік қызметкер, 16 азаматтық қызметші. Бөлім қызметкерлерінің арасында мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

2019 жылдың 12 айында бөлімге 31 арыз-шағым түсті. 24 жеке тұлғадан. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өтініштер уақытылы қаралып, түсіндірме беру арқылы жауаптары берілді.

Заңды тұлғадан 7 арыз электронды портал арқылы түсті және уақытылы жауаптары жолданды.

Білім бөлімінде 2019 жылдың 12 айында 664 бұйрық рәсімделді.

Білім беру ұйымдарында «Адалдық дүкендері» ашылып, жұмыс жүргізуде. Мектеп директорлары халықпен «Ашық есік» күндерін өткізді.

Білім беру ұйымының қызметкерлерімен жасалған келісім шартта және функционалдық қызмет бөлінісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жауаптылық қызметкердің тікелей өз жауапкершілігіне жүктелген.

Мақат аудандық білім беру бөлімінің көрнекі жерлерінде Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы хабарламалармен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі ілінген.

Білім беру бөлімінің қол жетімді кіре берісінде арыз-шағымдарды қабылдау жәшігі орналастырылған.

Мақат аудандық білім беру бөлімі бойынша сенім телефоны 3-23-91.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:45

Қаралым саны: 142