Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы қантар – мамыр аралығындағысыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«БЕКІТЕМІН»

Қызылқоға аудандық білім

бөлімінің басшысы

____________ А. Бағдаров «______»________ 2018жыл

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Білім бөлімінің басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Жұмысшы тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) Сот актілері;

7) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

Аудандық бөлім қызметін Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №222«Қызылқоға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жұмыс атқарады.

Білім бөлімінде қызметкерлер саны: 24, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер саны -3. Есептік кезеңіңде, 2018 жылғы қаңтар айынан1 маусымайы аралығында 3 қызметкер жұмыстан босатылды, оның ішінде: 2 – штат санының қысқартылуына байланысты,1–өзеркімен босатылған. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.

Сондай-ақ, Білім бөліміне қантар – мамыр аралығында – 3 қызметкер жұмысқа қабылданды.Қабылданған қызметкерлердің арасында бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде кодекстер, заңдар, нормативті құқықтық актілер басшылыққа алынып қарастырылды.

Білім бөлімінде 29 (жиырма тоғыз) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»;

2) «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»;

3) «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»;

4) «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»;

5) «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»;

6) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

7) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;

8) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;

9) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»;

10) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»;

11) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;

12) «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну»;

13) «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»;

14) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»;

15) «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»;

16) «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап – бағуға жәрдемақы тағайындау»;

17) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;

18) «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»;

19) «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;

20) «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу»;

21) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»;

22) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»;

23) «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»;

24) «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;

25) «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»;

26) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»;

27) «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»;

28) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»;

29) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»туралы мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің уақытынан кешіктіріліп орындалғаны болған жоқ. 2018 жылдың қантар- мамырайларында 983мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олар:

Қантар айында –58

Ақпан айында – 149

Наурыз айында- 74

Сәуір айында- 177

Мамыр айында- 525

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат апта, ай және тоқсан сайын аудан әкімшілігіне беріліп отырады.Білім саласындағы саласындағы аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды түлғалардан арыздар қағаз жүзінде қабылданады және қызмет қорытындысы қағаз жүзінде беріледі. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталып ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар аудандық «Қызылқоға» газетіне жариялануда.

Білім бөліміне жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны:- 47. Оның ішінде:

Қантар айында – 13

Ақпан айында- 8

Наурыз айында- 6

Сәуір айында- 12

Мамыр айында – 8

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ. Білім бөліміне бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіледі.Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралыхаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі. Есептік кезеңде Білім бөлімінің қызметкерлері тарапынансыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,квазимемлекеттік сектор субъектілері өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екендігін ескере отырып, білім беру ұйымдарында «Пара берсең жазаланасың», «Параға емес биікке ұмтыл «СALL CENTER-1424» жадынамалары көрнекті жерлеріне ілінген.

Аудандық білім бөлімінің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.

Аудандық білім бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген:

Бөлімнің бас маманы ______________Қ.Алпанов

«___»_______________2018 жыл

 

Бөлімнің бас маманы______________ Б. Нұғманова

«___»_______________2018 жыл

 

Бөлімнің кәсіподақ төрайымы _______К.Кенже

«___»_______________2018 жыл

 

Бөлімнің статисті _________С.Аманжолов

«___»_______________2018 жыл

 

Бөлімнің заң кеңесшісі ____________А.Боранбаева

«___»_______________2018 жыл


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2018 01:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2018 01:30

Қаралым саны: 1007