Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің қызметіндегі 2018 жылдың I жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018 жылдың 21 маусымдағы №21-н/қ «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталады:

1. Тастембаев Самат Жұбанышұлы – бөлім басшысы;

2. Жумалиева Бахыткуль Сегизбаевна - бас маман;

3. Баделова Гауһар Даулетқызы - бас маман.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мерзімі: 2018 жылдың 21-22 маусым аралығы.

Талданатын мерзімі: 2018 жылдың I жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың мәні:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;

4. Бақылау-рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарау сапасы;

6. Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау;

7. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар;

8. Департамент қызметіне қатысты нормативті-құқықтық актілер.

Талданатын объект туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» РММ-нің Атырау облысында техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық департаменті болып табылады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а.

бұйрығымен бекітілген департамент ережелеріне сәйкес, Атырау облысы әділет департаментінің Атырау қаласы әділет басқармасында тіркелген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 17.11.2014 ж. анықтама негізінде жүзеге асырады.

Заңды мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10Аүй, 3-қабат.

Департаменттің нақты орналасқан жері: Атырау облысы, Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев к-сі, 29А, 4 қабат, 402,403,408 каб.

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Департаментте мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штаттық саны 7 адам, нақты – 6 адам, 1 бос орын бар (бас маман), Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне 2018 жылдың II тоқсан қорытындысы бойынша кадрлардың ауысымы туралы есебі мен Техникалық реттеу және метрология комитетіне кадр тұрақтылығы бойынша ай сайынғы есебімен ұсынылды. (4 тарау «Ауысым» 1М-2-СНП есебі Мемлекеттік органдардың интранет порталының «Мемлекеттік қызметкерлердің мониторингі» тарауына орналастырылды).

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

Департамент мамандарының тексеріс субъектілерімен жеке қарым-қатынастарының алдын-алу мақсатында Департаментте «Мүдделер қайшылығы» журналы жүргізіледі. Аталған журналда 2018 жылдың I жартыжылдығы бойынша мамандардың қызметтік өкілеттіліктерін жеке қарым-қатынас арқылы тиісінше орындамауы тіркелген жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы

Департамент 1 (бір) қызмет көрсетеді – «Асыл тастар мен бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сонымен қатар табиғи өңделмеген алмаздармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды арнайы есепке қою туралы анықтама беру».

Аталған қызмет «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес реттеледі.

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ Заңының 7 бабына сәйкес арнайы есепке алынғандығы туралы анықтама беріледі.

2014 жылдың 5 тамызынан бастап бұл қызмет түрі «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күн. 2018 жылдың I жартыжылдығында арнайы есепке алу туралы анықтама берілген жоқ.

4. Мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу және ұйымдастыру

Мемлекеттік метрологиялық бақылау министр бұйрығымен бекітілген іріктеме тексеріс тізіміне сәйкес, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен прокуратура органдарының талаптарына сәйкес жоспардан тыс жүзеге асырылады.

2018 жылдың I-ші жартыжылдық (өсімді нәтижесімен қоса алғанда) қорытындысы бойынша Департамент барлығы 4 тексеріс жүргізді, оның ішінде құқықбұзушылық анықталған жоқ.

Талдау нәтижесінде, іріктеме тексеріс тізімі соңғы 5 жылғы тексерісті есепке алу журналы және Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің міндетін атқаруышысының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №1199 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 29 желтоқсандағы №826 бірлескен бұйрығымен бекітілген, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде және техникалық реттеу және метрология саласында тәуекелді бағалау дәрежесінің критерийлеріне сәйкес жасақталды. Осыған орай, іріктеме тексеріс тізіміне қосатын тексерістердің саны азаюда.

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

Ағымдағы жылғы 22 маусымды қоса алғандағы кезеңде техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша 194 өтініш қаралды, ол ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының салыстыру актісімен және ЕСЭДО базасында тіркелумен расталады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері заңда белгіленген уақытта қаралады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

6. Қызметік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау

Департаментте Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметші статусымен байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар қатаң сақталады. Талдауды жүргізу барысында Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзушылық анықталған жоқ. Департамент қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер қозғалған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:

1) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен тыңдалымдар, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен техникалық оқулар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі, соынмен қатар Қазақстан Республикасы Инвестициялар

және даму министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі – Гульмира Амангельдиевна Аубакировамен бейнеконференция арқылы кездесулер өткізілуде;

2) «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, сонымен қатар «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» облыстық газеттерінде және Департаменттің кіре беріс қабырғасында жарияланған;

3) Жемқорлықты жою мақсатында, Департаменттің кіре беріс қабырғасында «сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында бірнеше жадынамалар мен Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі – ГауһарДаулетқызы Баделова туралы ақпарат ілінген.

7. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

БАҚ-да департамент қызметкерлеріне қатысты сын мақалалар жарияланған жоқ.

8. Департамент қызметіне қатысты нормативті-құқықтық актілер.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 715 бабына сәйкес, Департамент осы Кодекстiң 203, 415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 419 (бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Алайда, 2017-2018 жылдар аралығында тек қана 419 бап (бірінші бөлігі) қолданылды.

Кодекс баптарын қолдану кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, жоғарыда аталған Кодекстің баптары бойынша, дәлірек айтқанда 193, 464, 638 баптары бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитетіне 07.06.2018ж. шығыс №26-7-11-6-2-680 санды хатымен ұсыныстар жолданды:

* Департамент өнімді өткізу сатысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырмағандықтан, Кодекстің 715 бабынан 193 бапты (Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын бұзу) алып тастау;

* Кодекстің 464-бабының 1 тармағында (Лицензиялау нормаларын бұзу) лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз айыппұл салу және Кодекстің 638 бабының 1 тармағы (Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, бiрақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану) ескерту жасау немесе айыппұл салу баламалы жазаларына өзгерістер енгізу.

Осыған орай жоғарыда аталған Кодекстің баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.

Қорытынды мен ұсыныс:

Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының сәйкессіздігіне алып келетін себептер мен жағдайларды, сонымен қатар жүктелген

міндеттемелерді орындау кезінде жұмысты ұйымдастыру кемшіліктерін жою мақсатында, ұсынылады:

1. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ішкі нормативтік-құқықтық актілерді қалпына келтіру, функционалды міндеттерді орындауда Департамент қызметіне бақылауды жалғастыру;

2. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында Департамент қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 07:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 09:22

Қаралым саны: 1019