Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2017 жылдың II жартыжылдығының31.12.2017ж. жай-күйі туралы талдамалы анықтама.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018 жылдың 09қаңтардағы №1-н/қ «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталады:

1. Жумалиева Бахыткуль Сегизбаевна - бас маман;

2. Баделова Гауһар Даулетқызы - бас маман;

3. Имангалиева Асыл Мухитовна - бас маман.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мерзімі: 2018 жылдың 09-10қаңтар аралығы.

Талданатын мерзімі: 2017 жылдың II жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың мәні:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;

4. Бақылау-рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарау сапасы;

6. Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау;

7. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

Талданатын объект туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» РММ-нің Атырау облысында техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық департаменті болып табылады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сонымен қатар

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген департамент ережелеріне сәйкес, Атырау облысы әділет департаментінің Атырау қаласы әділет басқармасында тіркелген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 17.11.2014 ж. анықтама негізінде жүзеге асырады.

Заңды мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10Аүй, 3-қабат.

Департаменттің нақты орналасқан жері: Атырау облысы, Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев к-сі, 29А, 4 қабат, 402,403,408 каб.

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Департаментте мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штаттық саны 7 адам, нақты – 5 адам, 2 бос орын бар (бөлім басшысы және департаменттің уақытша жетекші маманы (негізгі қызметкер бала күтімі бойынша демалыста). Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне 2017 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша кадрлардың ауысымы туралы ұсынылды. (4 тарау «Ауысым» 1М-2-СНП есебі Мемлекеттік органдардың интранет порталының «Мемлекеттік қызметкерлердің мониторингі» тарауына орналастырылды) .

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

Департамент мамандарыныңтексеріс субъектілерімен жеке қарым-қатынастарының алдын-алу мақсатында Департаментте «Мүдделер қайшылығы» журналы жүргізіледі.Аталған журналда 2017 жыл бойынша мамандардың қызметтік өкілеттіліктерін жеке қарым-қатынас арқылы тиісінше орындамауы тіркелген жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы

Департамент 1 (бір) қызмет көрсетеді – «Асыл тастар мен бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сонымен қатар табиғи өңделмеген алмаздармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды арнайы есепке қою туралы анықтама беру».

Аталған қызмет «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес реттеледі.

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»ҚазақстанРеспубликасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗЗаңының 7 бабына сәйкес арнайы есепке алынғандығы туралы анықтама беріледі.

2014 жылдың 5 тамызынан бастап бұл қызмет түрі «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күн. 2017 жылы 1 жеке кәсіпкер арнайы есепке алынды.

4. Мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу және ұйымдастыру

Мемлекеттік метрологиялық бақылау министр бұйрығымен бекітілген іріктеме тексеріс тізіміне сәйкес, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен прокуратура органдарының талаптарына сәйкес жоспардан тыс жүзеге асырылады.

2017 жылдың II-ші жартыжылдық (өсімді нәтижесімен қоса алғанда) қорытындысы бойынша Департамент барлығы 21 тексеріс жүргізді, оның ішінде 17 іріктеме тексеріс және 4 жоспардан тыс тексеріс, оның 13-індеөлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында бұзушылық анықталды, яғни 62%-ды құрады.

Іріктеме 17 тексерістің 9-ынан өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында бұзушылықтар анықталды, яғни 53%-ды құрады.

II-ші жартыжылдық тізіміне енгізілген4 іріктеме тексерістің 3 іріктеме тексерісі орындалды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2017 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға іріктеме тексерулерінің тізіміне 1 заңды тұлға «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты тексеріс қате енген болатын, сондықтан да аталған тізімді жасақтауға жауапты Департаменттің бас маманы А.Е.Елеусіноваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды (16.10.2017ж. №11-ж/қ бұйрығы).

Бас көлік прокуратура органдарының қаулысы негізінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында 2 бірлескен тексеріс жүргізіліп, оның ішінде 1 заңды тұлғада бұзушылық орын алды. Тексеріс қорытындысы бойынша сомасы 453 800 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салу туралы Қаулы шығарылды. Қаулы уақытылы толықтай орындалды.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижесі бойынша салыстырып тексеруден өтпеген 199 өлшеу құралдарын қолданыстан алып тастау туралы 9 ұйғарым берілді.

Әкімшілік айыппұл салу туралы жалпы сомасы 3 619 055теңгені құрайтын 11 Қаулы шығарылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Талдау нәтижесінде, іріктеме тексеріс тізімі соңғы 5 жылғы тексерісті есепке алу журналы және Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің міндетін атқаруышысының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №1199 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 29 желтоқсандағы №826 бірлескен бұйрығымен бекітілген, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде және техникалық реттеу және метрология саласында тәуекелді бағалау дәрежесінің критерийлеріне сәйкес жасақталды.

2017 жылдың 2-ші жартыжылдық іріктеме тексеріс тізімін қалыптастыру кезінде, сонымен қатар бизнес субъектісіне әкімшілік шаралар

қабылдау кезінде кәсіпкерлік субъектісі санатын анықтау бойынша, (шағын, орта, ірі) ҚР Ұлттық экономика министрлігініңэлектрондық жүйесін басшылыққа алу қажет (2015 жылғы 29 қазандағы №375-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 25 бабы.«Кәсіпкерлік субъектісі тізілімі» 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап жүргізіледі.)

Алайда, тексерісті тағайындау туралы акт тіркеу кезінде ҚР Бас Прокуратурасының ТОСБТ (ЕРСОП) жүйесі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің электрондық жүйесінде кәсіпкерлік субъектісі (шағын, орта, ірі) санаты туралы мәлімет бойынша айырмашылықтар орын алады.

Осыған байланысты, ірі кәсіпкерлікті жауапкершіліктен босату жолымен әкімшілік шара қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі қарастырылады, яғни микрокәсіпкерлік субъектісі ретінде әкімшілік айыппұл салуға, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектісінің санаты ТОСБТ (ЕРСОП) базасындағы деректерге сәйкес келмегендіктен, тексеріс тағайындау актісін және тексеріс нәтижесі актісін күшін жоюға негіз болуы мүмкін.

Сондықтан да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, Атырау облысының прокуратурасына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне 24.10.2017ж. шығыс № №26-7-11-6-2-1962, №26-7-11-6-2-1963, №26-7-11-62-1964 санды хаттары жолданған болатын.

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

Есепті кезеңде техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша 352 өтініш қаралды, ол ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына жолданған 2018 жылдың 04 қаңтардағы шығыс №26-7-11-6-2-12 санды хатына жалғанған салыстыру актісімен және ЕСЭДО базасында тіркелумен расталады.

6. Қызметік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау

Департаментте Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметші статусымен байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар қатаң сақталады. Талдауды жүргізу барысында Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзушылық анықталған жоқ. Департамент қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер қозғалған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:

1) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен тыңдалымдар, сонымен

қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен техникалық оқулар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі;

2) «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, сонымен қатар «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» облыстық газеттерінде жарияланған;

3) Жемқорлықты жою мақсатында, Департаменттің кіре беріс қабырғасында «сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында бірнеше жадынамалар ілінген.

7. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

БАҚ-да департамент қызметкерлеріне қатысты сын мақалалар жарияланған жоқ.

Департамент тексерісті тағайындау туралы акт қалыптастыру кезінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің электрондық жүйесінде «Кәсіпкерлік субъектісі тізілімін» басшылыққа алады.

2015 жылғы 29 қазандағы №375-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 25 бабына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.

Алайда, ҚР Бас Прокуратурасының ТОСБТ (ЕРСОП) жүйесінен құрылған «Кәсіпкерлік субъектісі тізілімі» мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің электрондық жүйесінде айырмашылықтардың болуы, кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы мәлімет күмән тудыртады және сыбайлас жемқорлық тәуекеліне алып келуі мүмкін.

Қорытынды мен ұсыныс: Кәсіпкерлік субъектісі санаты туралы бірыңғай электрондық жүйесі болмаған жағдайда, іріктеме тексеріс тізіміне кәсіпкерлер субъектісін дұрыс емес енгізу және бизнес субъектісіне әкімшілік айыппұл салу туралы заңсыз шешім қабылдау тәуекелдері туындайды.

Кәсіпкерлік субъектісі санаты бойынша құрылған «Кәсіпкерлік субъектісі тізілімін» Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24


Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 00:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 14:34

Қаралым саны: 978