Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп) - мектеп басшысы басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Мектепте мұғалімдер саны-57; кіші қызметкерлер саны-45. Мектеп бойынша мектеп басшысы – 1 және 4 орынбасары жұмыс істейді.

Мектепте 1-11 сыныптарда – 349 оқушы, МАД – 2 топта – 34 тәрбиеленуші , шағын топ – 2 топта - 38 тәрбиеленуші білім алуда.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Шығыс мөлтек ауданы 2/7, тел.: 8(71234)7-90-90 эл.поштасы: sakenseyfullin@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 1 тамыз 2019 жыл, аяқталды: 25 желтоқсан 2019 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылды.

1) 2019 жылдың он екі айы бойынша мектепте қабылданған құқықтық акті саны: - 695 (бұйрық). Құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы бақылауға

қойылған. Мектепте қатаң есептегі құжаттар бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бос жұмыс орындарға «Индер ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы бос орындарына жолдама арқылы жүргізіледі.

2019 жылдың ішінде: 8 қызметкер жолдама арқылы жұмысқа қабылданды.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

5) Мектепке қарасты есепшілерге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

6) Мектепте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес, 2019 жылғы 12 айында 5 мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Мектепте 2019 жылдың 12 айында барлығы 168 өтініш-арыздар түсті. Оның бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау 67-і, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын (дубликаттар) беру - 4, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекемелеріне денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – 2, мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және тіркеу – 69, жалпы білім беретін мектептердің жеке санаттағы оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтану үшін құжаттар қабылдау – 26, аз қамтылған отбасы балаларына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлермен қамтамасыз ету мақсатына құжаттарды қабылдау үшін – 50 өтініш жеке тұлғалардан қабылданды. Мектепке түскен арыздарға үнемі уақытылы жауап беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мектепте стенд жасақталып, ілінген. Сонымен қатар аталған стендте ақпараттар үнемі жаңартылып отырады.

Мектепте жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы орындалып, ақпараттар берілуде.

Мектеп дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық бұрыш жасақталды. Сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған мектеп дәлізінде «сенім жәшігі» орнатылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында мектеп дәлізінде ақпараттық «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. Аталған бұрышта жоспарға сәйкес оқушыларға үгіт насихат парақшалары жарияланып, материал өзгертіліп тұрады.

Сонымен қатар мектеп психологі кабинетінің қасында психологиялық қолдау көрсету мақсатында «сенім жәшігі» мен 7-90-93 нөмірлі «сенім телефоны» жұмыс жасайды.

 

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мектептің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мектептің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қорытынды:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:19

Қаралым саны: 143