Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің М.Сиранов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің М.Сиранов атындағы орта мектебі коммуналдық » мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мектеп)- мектеп директоры басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру мекемесін басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Мектепте азаматтық қызметшілер саны- 5, педагогикалық қызметкерлер саны- 56 , лаборант – 6 . Олар: 5 мемлекеттік қызметкер – 1 мектеп директоры және 2 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және 42 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер ауданы білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің М.Сиранов атындағы орта мектебі коммуналдық » мемлекеттік мекемесі . Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай селосы, Жеңіс көшесі №18 , тел : 8(71234)25-2-45 эл.поштасы: Shsiranov_eltai@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 1 шілде 2019 жыл, аяқталды: 25 желтоқсан 2019 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Индер аудандық білім ,дене шынықтыру және спорт бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019 жылға арналған жоспарын

бекіту туралы» бұйрығын негізге ала отырып , мектепішілік іс шаралар жоспары жасақталды.Жоспар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

1) 2019 жылдың алты айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны:-532. Құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы бақылауға қойылған. Түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекемелердегі бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

4) Мектепте Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру туралы түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

5) Бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

6) Мектепте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2019 жылғы 6 айда мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Мектепке 2019 жылдың 6 айында барлығы 16 өтініш-арыздар түсті. Оның 16-ы жеке тұлғадан, заңды тұлғадан өтініш-арыздар түскен жоқ.Мектепке түскен арыздарға үнемі уақытылы жауап беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мектепте стенд жасақталып, ілінген.

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылып отырады.

Мектептің ғимаратында қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Мектептің сенім телефоны ретінде 25-4-51 нөмірі бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен

қолдану мақсатында мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрышының жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.«Рухани –

адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру

бағдарламасы» негізінде 1-11 сынып аралығында «Адалдық сабақтары» ұйымдастырылса,«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп,шараға Елтай ауылдық округі әкімінің бас маманы Махметов Алмат және ауыл ардагерлер қоғамдық кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Сағынов қатыстырылды.

Сонымен бірге, мектепте «сенім жәшігі» мен «сенім телефондары» жұмыс жасайды.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мектептің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мектепте сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қорытынды:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі М.Сиранов атындағы орта мектебі коммуналдық » мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіруді жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:28

Қаралым саны: 144