Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Көктем» қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Көктем» қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім)- мектеп басшысы басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Мектепте педагог саны -65. Оның ішінде: мектеп басшысы және 2 оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2 тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмыс істейді.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мектепте сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер ауданы білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Көктем» қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Ж.Кенжетаев көшесі – 2, тел.:8(71234) 3 – 01 – 57 эл.поштасы: koktem_inder@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 1 шілде 2019 жыл, аяқталды: 25 желтоқсан 2019 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Көктем» қазақ орта мектебі» бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің бұйрығы басшылыққа алынып, іс шаралар жоспары жүзеге асырылды.

1) Мектепте түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекемелердегі бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадр қабылдауда үнемі талдау жүргізіледі.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қызметкерлерге қол қойдыру арқылы жүргізіліп отыр.

5) Мектепте мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Мектепте 2019 жылдың 12 айында барлығы жеке тұлғадан 29 өтініш-арыздар түсіп, уақытылы жауап берілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мектепте стенд жасақталып, ілінді.

Мектеп бойынша сыбайлас жемқорлыққа байланысты білім бөлімінен келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылып тұрады.

Білім алушыларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне, адамгершілік сезімдерге еңбек сүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында мектептің бірінші қабат дәлізінде «Парасатты Азамат» тақырыбында стенд жаңартылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Мектептің сенім телефоны ретінде 3-00-37 нөмірі бекітілген.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мектептің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мектепте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қорытынды:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Көктем» қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020 17:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 17:32

Қаралым саны: 144