Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І.Кіріспе

«Индер аудандық білім,дене шынықтыру және спорт бөлімі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі- мектеп директоры басқаратын,өз құзыреті шегінде тиісті білім беретін мемлекетік орган.

Мектептегі педагог қызметкерлер саны-113; техникалық қызметкерлер саны-39 ; Олар: мектеп әкімшілігі (1-мектеп директоры,2-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 2-директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 1 мектеп тәлімгері, 2-мектеп психологы,1-әлеуметтік педагог,1-шаруашылық жөніндегі орынбасары мен 1-шаруашылық жөніндегі орынбасары) жұмыс істейді.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің мәні:

Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлықа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер аудандық білім,дене шынықтыру және спорт бөлімі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы,Индер ауданы,Индербор кенті,Тұхфатов 30А .тел: 8(71234) 2-29-88. Эл.поштасы: valihanov_inder@mail.ru

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 9 қаңтар 2020 жыл, аяқталды: 20 қаңтар 2020 жыл

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

«Индер аудандық білім,дене шынықтыру және спорт бөлімі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы №986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып,іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылды.

Сонымен қоса,Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының,Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып,осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер мен мұғалімдердің арасында жауапкершіліктері таныстырылып,телефонмен сөйлесу,жұмыс орнында және қоғамдық орындарда басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (vk,instagram,mail.ru,facebook) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемелекеттік қызметке кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Мектептің дәлізінде «Мақсатымыз-сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою», «Адалдық дүкені» атты тақырыптарындағы ақпараттық стенд жасақталып,ілінген.Сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі», «сенім телефоны» орнатылып, жұмыс жасайды.Сенім телефоны ретінде 2-29-88 нөмірі бекітілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды.

ІІІ.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1)Аудандық білім бөлімінен келген хатқа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнаманы барлық мұғалімдер мен қызметкерлер толтырды.

Мектеп ұжымында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын тәуекелдер жоқ.

ІV.Қорытынды

«Индер аудандық білім,дене шынықтыру және спорт бөлімі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықты алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру;

2)Өскелең жас ұрпақтың өн бойына парасаттылық,әділдік және сенім құндылықтарын сіңіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты», «Адал жол», «Адалдық пен әділдік» т.б. тақырыптарында оқушылармен сынып сағаттарын өткізуді жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:39

Қаралым саны: 164