Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Есбол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Есбол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мектеп директоры басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Бөлімде азаматтық қызметшілер-3(мектеп директоры -1, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-1,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1); мұғалімдер саны-25, психолог-1,мектеп тәлімгері-1,тәрбиеші -1,кітапханашы-1,зертханашы-1,кіші қызметкерлер саны -17 адам жұмыс істейді.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер ауданы білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Есбол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы, Тайманов көшесі 45, тел:8(71234)2-47-96 эл.поштасы: altinai_gimnazia@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 1 шілде 2019 жыл, аяқталды: 25 желтоқсан 2019 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Есбол орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019-2020 жылға арналған іс-шаралар» жоспары жасақталып, бекітілді.

1) 2019 жылдың он екі айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны:-430. Құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы бақылауға қойылған. Бөлімге қарасты білім мекемелеріндегі түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекемелердегі бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қызметкерлерге қол қойдыру арқылы жүргізіліп отыр.

5) Есбол орта мектебі мемлекеттік мектебінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

6) Есбол орта мектебінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2019 жылғы 12 айлығында 5 мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Мектепке 2019 жылдың 12 айында барлығы 21 өтініш-арыздар түсті. Оның 20-ы жеке тұлғадан, 1-у заңды тұлғадан өтініш-арыздар түсті. Мектепке түскен арыздарға үнемі уақытылы жауап беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мектепте стенд жасақталып, ілінген.

Есбол орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан,білім бөлімінен келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылып тұр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрыштарының жоспарға сәйкес материалдары өзгертіліп тұрады.

Сонымен бірге, мектепте «сенім жәшігі» мен «сенім телефондары» жұмыс жасайды.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мектептің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қорытынды:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Есбол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020 17:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 17:06

Қаралым саны: 148