Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп)- мектеп директоры басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Мектепте мұғалімдер саны саны-28; кіші қызметкерлер саны-26.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мектептегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Ынтымақ ауылы, Бозекенов көшесі 45, тел.: 8(71234)7-90-50 эл.поштасы: yntymak-80@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 1 тамыз 2019 жыл, аяқталды: 25 желтоқсан 2019 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бұйрығымен іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар барлық ұжым мүшелеріне таныстырылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары мектеп бойынша жүзеге асырылды.

1) 2019жылдың он екі айы бойынша мектепте қатаң есептегі құжаттар тобын,бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Мұғалімдер мен қызметкерлерді тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.Бос орындарға қызметкерлерді алуда Ережелер қатаң сақтала отырып жүргізіледі.

4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүргізіліп отыр.

5) Мектепте мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттеліп жүргізілуде.

6) Мектепте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2019жылғы 12 айлығында 5 мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Мектепке 2019жылдың 12 айында өтініш-арыздар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мектепте «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты мен регламенті» стендісі жасақталып, ілінді.

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар қызметкерлерге уақытылы жолданып, таныстырылып тұр.

Мектеп дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ақпараттық стенд жасақталды. Мектеп ғимаратында қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Мектептің сенім телефоны ретінде 7-90-50нөмірі бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында мектепте ақпараттық стендтер мен «Парасатты

азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталған. «Парасатты Азамат» бұрышы мектепте жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.

Сонымен қатар мектепте «сенім жәшігі» мен «сенім телефоны» жұмыс жасайды.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мектептің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мектепте сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қорытынды:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020 16:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 16:30

Қаралым саны: 161