Array Қайыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша талдау анықтамасы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Қайыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша талдау анықтамасы

Қайыршақты ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 Бұйрығы мен Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 4 қаңтарындағы №2ө Өкімінде көрсетілген нормаларына сәйкес 2017 жылдың 4-6 қаңтары аралығында өткізді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді, Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті уәкілетті және нормалар анықталған жоқ.

2016 жылдың ІІ жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2016 жылғы ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша 9 бірлікті құрады. Зейнет жасының жетуіне байланысты босаған бос орынға ішкі конкурс арқылы маман қызметке алынды. 1 бос орын (бас маман –заңгер).

Бос лауазымға жалпы конкурс өткізілді. Ішкі конкурс болған жоқ.

ІІ жартыжылдықтың аяғында Аппаратта қалалық әкімшілік қызметкерлері мекемедегі көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебінің деректеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде заң нормаларын өрескел бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Алайда, тұрғындарға мал басы барын растайтын анықтама стандартқа сәйкес берілуі ескертілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мүдделі қақтығыстарды реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және Аппараттың кейбір

қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111 баптарының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

3) мемлекеттік қызмет көрсету:

ІІ жартыжылдықтың аяғында Аппаратта қалалық әкімшілік қызметкерлері мекемедегі көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебінің деректеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде заң нормаларын өрескел бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

4) рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2016 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысы бойынша Қайыршақты ауыдық округінен 178 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Оны елемеген 4 адамның тізімі округке жауапты учаскелік полиция инспекторына табыс етіліп, олармен түсінік жұмыстарынан кейін медициналық тексеру комиссиясына жіберілді.

Жоғарыда мазмұндалған негізде жұмыс тобы Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерінің жоқ екендігі туралы шешімге келді.

Жұмыс тобының құрамы:
Р.Нысанова
Ұ.Байдуллина
Г.Өтеғалиева

Келісілді: А.Жайбусинов


Мақаланың шыққан күні:: 03.02.2017 16:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.02.2017 16:52