Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.07.2020

Қызметтер

Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының аппаратының 2017 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдау бойынша талдау анықтамасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мониторингті жүргізу
қағидаларына қосымша 1

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

І. Кіріспе

 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Геолог ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайлар анықтау.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Геолог ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау қаласы, Геолог ауылы, телефондар 87122/390855, 87122/390891, email: geolog_so@mail.ru.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізу кезеңі: басталды – 01.01.2017 жыл, аяқталды – 26.06.2017 жыл.

4. Бақыланатын кезең: 2017 жылдың І жартыжылдық кезеңі

 

ІІ. Ақпараттық талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ.

2. Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталған жоқ.

3. Құқықтық статистикаоргандарынан деректер түскен жоқ.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

Геолог ауылдық округі әкімі аппаратында 2017 жылдың І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарынын жүргізудің нәтижесәнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының аппаратының 2017 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдау бойынша талдау анықтамасы

Геолог ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлық қатерінің талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Геолог ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының 2017 жылғы 26 маусымдағы №50ө өкіміне сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтар – 26 маусым аралығында өткізілді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді. Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функцияларды талқылады (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекет басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті нормалар анықталған жоқ.

2017 жылдың І жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды.

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 11 бірлікті құрады. 2017 жылдың 5 маусымында Геолог ауылдық округі әкімі және 2017 жылдың 12 қаңтарында ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – заңгер өз еркімен жұмыстан босатылды. Бос орнға сыртқы конкурс арқылы 2017 жылдың 1 маусымынан бастап бас маман – заңгер жұмысқа қабылданды. Жетекші маман 2017 жылдың 29 мамырдан бастап бала күтіміне байланысты демалысында. Жетекші маман орнына конкурс өткізу жөнінде хабарлама берілген, алайда жұмысқа қабылдау жөнінде өтініш білдірген үміткерлер болған жоқ.

2017 жылдың І жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2. Рұқсат етілген функцияларды және бақылау функциялары жүзеге асыру:

2017 жылдың І жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша ауылдық округі әкімі аппаратына жеке тұлғадан 180, заңды тұлғадан 23 арыз қабылданды. Барлық арыздар заң талаптарына сәйкес тиісті мекемелерге жолданып, арыз иелеріне жауап берілді. 2017 жылдың І жартыжылдығында мал басы туралы анықтама және жеке қосалқы шаруашылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама алу үшін ниет білдірген тұрғын болған жоқ. 2017 жылдың І жартыжылдығында Геолог ауылдық округі әкімі 50 өкім, 160 шешім қабылдады.

Жоғарыда мазмұндалған негізгі тобы Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерінің жоқ екендігі туралы шешімге келді.

 


Мақаланың шыққан күні: 13.10.2017 00:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.10.2017 00:50

Қаралым саны: 1259